ҮЙ ДЕ, КҮЙ ДЕ БОЛАДЫ Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1219 раз

Биыл Шымкентте 8841 отбасының тұрғынжайды жалдау ақысы субсидияланады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.

272

 

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Шымкентте 48 623 азамат тұрғын үй алу кезегіне тіркелген. Биыл баспана кезегіндегі 1605 азаматты сатып алу құқынсыз жалға берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз ету, ал 2096 азаматқа кредиттік тұрғын үй бағытымен баспана беру жоспарланып отыр. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында 260 отбасын «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспанамен қамту үшін лимит бөлінбек.
Тұрғын үй кезегіне тұрған 48 623 азаматтың, 1819-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 9186-сы көпбалалы отбасылар. Ал, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санатында – 16 957, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған 27 азамат бар. Мұнда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым мен әскерилер саны 20 634-ті құрап отыр.
Тұрғын үй кезегіне тіркелген 1,2 топ мүгедектері, жетім балалар мен көпбалалы отбасылар, мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға 2022 жылдың мамыр айынан бастап тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізілмек.
– Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметі жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске қоспақ. Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала анықтаған мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша субсидия алуға жататын бір еселенген күнкөріс деңгейі төмен 8841 отбасы анықталып отыр,- деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, 2022 жылға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қаржы қаралған.