АССАМБЛЕЯ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1190 раз

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жұмыс
сапарымен келді.

293

 

Іссапар аясында ҚХА Төрағасының орынбасары Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада қалалық этномәдени бірлестіктер және Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылым жетекшілерімен ұйымның алдағы мақсаттары мен міндеттері жөнінде кездесу өткізді. Жиынды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық Ассамблея төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізіп отырды.
— Қаңтар оқиғасында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар зардап шекті. Ол оқиға қазақстандықтардың бірлігі сыналған шақ болды. Бұл сынақтан да аман-есен өттік. Оған
Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі зор, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов қаңтар оқиғасынан соң көп нәрсе өзгергенін жеткізді. Осы ретте Ассамблеяның жұмысын қайта жүйелеу, реформалау қажеттігін айтып, бұл орайда қалалық этномәдени бірлестік жетекшілерінің ойлары маңызды екенін атап өтті.
Жиында қалалық Ассамблея жанындағы қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы
Л.Асанов, ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі В.Жаринов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық өкілдігінің басшысы Н.Мейірбеков баяндама жасап, Ассамблея жұмысын жетілдіру жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Кездесуде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінге дейінгі жетістіктері мен атқарылған жұмыстар баяндалды. Айталық, бүгінде 17 этномәдени бірлестік жанынан 38 шығармашылық ұйым мен 8 жексенбілік мектеп ашылған. Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалды рөлін күшейту мақсатында қалалық және аудандық деңгейлерде қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, жастар қозғалысы, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кеңесі, журналистер мен блогерлер клубы сынды қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді.