ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ Избранное

Среда, 23 Февраль 2022 05:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1147 раз

ұйытқы болатын істер қандай?

Абай ауданына қарасты қоғамдық бақылау кеңесі Нұршуақ шағынауданы тұрғындарының басын қосып сенбілік ұйымдастырды. Оған Абай ауданы әкімдігі қолдау білдірді.

310

 

— Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен құрылған қоғамдық бақылау кеңестері халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпірге айналып келеді. Ауданда 16 кеңес құрылды. Келешекте 3 азаматты айлық жалақымен және қосымша кеңсемен қамтамасыз етіп, қоғамдық кеңес жұмысын жандандыру ойымызда бар. Осы кеңес арқылы шағынауданның әлеуметтік мәселелері шешімін табады. Нұршуақ шағынауданында халық суды тасымалдап ішетін. Қазір бұл мәселе жүз пайыз шешімін тапты. Енді бюджет есебінен көшелерді абаттандыруды қолға аламыз. Бұған қоғамдық кеңес те белсене атсалыспақ, - деді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.
Б.Пармановтың айтуынша, аудандағы 10 елді мекеннің тұрғындары судан тапшылық көріп келген. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының нәтижесінде 9 елді мекенге таза ауыз су тартылыпты. Ендігі жерде ауыз су жүйесі жүріп жатқан бір ғана ауыл қалды. Ол – Құрсай елді мекені. Аудан әкімінің сөзінше, ауыз сумен қамту жұмыстары Құрсайда биыл толығымен аяқталуы тиіс.
Нұршуақ шағынауданы қоғамдық бақылау кеңесінің төрағасы Жолдасбек Жаңбыршин алдағы уақытта сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді. Оның пікірінше, негізгі мақсат – тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге ықпалдасу мен халықтың қоғамдық ой-санасын ояту. Ж.Жаңбыршин елді мекен тұрғындарының әсіресе, ауыл биі мен ақсақалдарының қоғамдық белсенділігінің арқасында көптеген әлеуметтік мәселелер өз шешімін тапқанын жеткізді. Мәселен, халықтың өтінішіне үн қатқан жергілікті әкімдік өткен жылы шағынауданның 1,5 шақырым жолына асфальт, 15 көшеге шағал тас төсеуге қол ұшын берді.
– Негізінде әр үй жеке-жеке қоқыс тазалаушы компаниямен келісімшартқа отыруы тиіс. Ол компания көшедегі қоқысты кестеге сай әкетіп отырады. Өз кезегінде жергілікті әкімдік тарапынан алдағы уақытта көшелерге қоқыс жәшіктерін орнатып, жол бойын абаттандырып беруді жоспарлаудамыз. Маңызды көшелерді жарықтандыру бүгінгі таңда бюджет есебінен іске асырылуда. Дегенмен тұрғындар бастама көтеріп, өз қаражаттары есебінен жарық шамдар орнатса, электр энергиясына кеткен шығынды аудан әкімдігі субсидия ретінде өтеп беруге әзір. Жалпы Нұршуақ шағынауданында 4875 жер учаскесі бар. 1025 үй қоныстанған. Бұрын елді мекен тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішетін. 400-800 литр суды тасымалдауға кәсіпкерлер қалтасынан ақша шығарып, жәрдемдесті. Шағынауданның инфрақұрылым мәселесін шешуге мемлекеттік қазынадан 7 миллирд теңге қаржы бөлінді. Оның 2,9 миллиард теңгесі ауыз құбырын тартуға жұмсалды, - деді Бұхарбай Парманов.
Сенбілікке өткен жылы қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау өңіріне бастама көтеріп еріктілермен бірге вагондармен шөп жөнелткен қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы да көше тұрғыны ретінде қатысып, жастарды игі іске жұмылдырды.