Әйел – Ана! Әйел –Өмір! Әйел – Сұлулық! Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1574 раз

Міне, шуақты көктемнің ізгілікке толы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні табалдырықтан аттағалы тұр.

417

 

Әйел – Ана! Әйел – Өмір! Әйел – Сұлулық! «Алып анадан туады» дегенді дана халқымыз бекерге айтпаған. Қазақ әйелі – ардақты ана, отбасының қамқоршысы. Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол жас ұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүр. Адамзаттық, ұлттық, қоғамдық құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа тап аналарымыздай жеткізер ешкім жоқ.
Шымкент қаласында өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар аз емес. Біздің шаһар көп балалы аналар саны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.
Бүгінде Шымкентте көп балалы аналарымыздың саны 43 мыңнан асты. Оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны
10 мыңға жуықтайды. Оларға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төленеді.
Жалпы, мемлекет бүгінде әйелдердің құқықтарын қорғау мен олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса назар аударып отыр. Саяси партиялар ұсынатын үміткерлердің тізімінде әйелдерге арналған квотаның енгізілуі, көп балалы аналарға әлеуметтік жағдайына қарамастан мемлекеттік жәрдемақының төленуі – соның көрінісі.
«Қыз өссе елдің көркі» деген дана халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеп, әрқашан төрден орын берген. Егер әрбір отбасында ана махаббаты жалындап тұрса, онда бүкіл ел келісім мен өсіп-өркендеудің арайлы шуағына бөленетін болады.
«Ұрпағыңның болашағын ойласаң ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңның болашағын ойласаң қызыңды тәрбиеле» деген қанатты сөздің мәні тереңде жатыр. Елімізде әйелдер аяулы ана, ұрпақ тәрбиешісі ғана емес, ол – қоғамдық-саяси өмірге де араласып жүрген белсенді тұлға. Біздің қыз-келіншектеріміз – мұғалім мен дәрігерден бастап, табысты кәсіпкер мен білікті басқарушыға дейінгі сан салалы мамандықты игеріп, түрлі қызметтерді шеберлікпен атқарып келе жатқан іскер жандар.
Мерекелеріңіз құтты болсын, асыл жандар!