ЖІГЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ Избранное

Среда, 06 Апрель 2022 02:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 748 раз

Өткен сенбіде «Шымкент жастар лигасының» волейболдан іріктеу ойындары Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жалғасты. Мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылып жатқан «Шымкент жастар лигасы» биыл екінші мәрте өтуде.

100

 

Еңбекші ауданының қыздар арасындағы волейболдан С-тобының кездесуінде №34, №44, №100, № 120, №24, №39, №65, №67 мектептердің командалары мен оларға қолдау көрсететін фан-клуб мүшелері қатысты.
С-тобының кездесуі фан-клуб мүшелерінің әсем биімен ашылды. Кездесуге қатысатын командалардан бөлек, жанкүйерлер де бірдей формада ерекше дайындықпен келген.
Мектеп оқушалырының бос уақытын тиімді пайдаланып, балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға футбол, волейбол, баскетбол, шахматтан қаланың 151 мектебінен жалпы саны 514 команда бақ сынауда. Оның ішінде 1458 оқушыдан құралған 129 команда спорттың волейбол түрінен сайысып жатыр.
Бұған дейін волейболдан Абай және Әл-Фараби ауданының командалары арасындағы ойындар аяқталған болатын. Финалдық кезеңге Абай ауданынан №50, №118, №23, №54 мектептердің, ал, Әл-Фараби ауданынан №1, №7, №129 және №64 мектептің командалары жолдама алды.
Еңбекші және Қаратау аудандарының волейболдан кездесулері бас төреші бекіткен кестеге сәйкес, сәуір-мамыр айларындағы сенбі күндері өткізіліп, жеңімпаздар анықталмақ. Ал, спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.
Айта кетейік, жарыс 2021 жылдың 23 қазан айында бастау алған болатын. Сайыс жеңімпаздары 2022 жылдың 1 маусымында марапатталады.