Версия для печати

МЕКТЕПТЕРГЕ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 938 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы бірқатар мектептерге Тәуке ханның, Абай Құнанбайұлының, Фариза Оңғарсынованың, Ақселеу Сейдімбектің және Әшімжан Ахметовтің есімдері беріледі. Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында депутаттар корпусы осындай ұсынысты ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.

164

 

Сондай-ақ, сессияда депутаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымына Рахымберді Мүлкемановты тағайындауға келісім берді. Айта кетейік, Рахымберді Жанысбекұлы бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарып келген болатын.
Мұнан бөлек, сессияда депутаттар «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау» туралы және «Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту туралы» мәслихат шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы мәселелерді қарап, тиісті шешімдер
қабылдады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.