Версия для печати

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Пятница, 15 Апрель 2022 03:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1027 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын аралап, ондағы ерекше қызметті қажет ететін жандардың жағдайымен танысты. Аралау барысында қала басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың оңалту орталығының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.

14

 

Орталық ашылғалы бері осында арнайы емдік оңалту шараларын қабылдап жүрген Ысқақ Айдарбеков қоғамдық жұмыс бойынша мамандарға көмекшілерді жұмылдыруға ұсыныс білдірді.
– Дәрігерлерге қосымша көмекшілер бөлінсе жақсы болар еді. Қызметтері оңай емес. Бізге жанашырлық танытып мейірім-ықыластарымен қарайды. Ол үшін алғысымды білдіремін. Ерекше шапағаттарының арқасында емнің шипасы да тиіп жатыр. Әрине күресіп, аяққа тұру үшін әр адамның өз талпынысы болуы керек. Өзім омыртқа жарығынан осыдан 10 жыл бұрын арбаға таңылдым. Әлі күнге дейін күресіп келемін, - дейді Ысқақ Айдарбеков.
70 орынға лайықталған орталықта 18 жастан асқан тірек-қимыл жүйесі бұзылған І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға негізгі жеті түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде әлеуметтік психологиялық, медициналық көмектен басқа тұрғын үй, әлеуметтік жәрдемақы алу, құқықтық кеңестер беріледі.
Тауқыметтерін жеңіп шығулары үшін қолдау көрсетіліп, түрлі мәдени іс-шаралар мен қол маторикасын дамыту мақсатында қолөнер туындыларын жасау, кәсіпкерлікке үйрету қарастырылған.
– Өкінішке орай, ерекше қызметті қажет ететін жандар аз емес. Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 37 мыңға жуық. Оның ішінде 6 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету ерекше назарда. Орталықтарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысуымның мақсаты да осында. Өздерінің ұсыныс-тілектерін тыңдап, барынша жағдайларын жақсарту болмақ, - деді қала әкімінің орынбасары.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.