Майдангерлерге 1,1 млн теңгеден беріледі Избранное

Среда, 20 Апрель 2022 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 986 раз

Шымкентте Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрып жатыр. Биыл Жеңіс күні қарсаңында майдангерлер 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 110 680 теңгеден көмек алады.

56

 

–Үшінші мегаполисте екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін бірреттік қаржы көлемі белгілі болды. Бұл қаражат ардагерлердің есепшоттарына аударылады. Оны алу үшін ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Себебі, біз зейнетақы төлеу орталығынан арнайы тізім аламыз. Сондай-ақ, қалада соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар. Оларға 36 АЕК – 110 260 теңгеден төленеді. Бұдан бөлек, 2500-ден астам тыл ардагеріне 12 АЕК беріледі, ол –
36 756 теңге. Бұл қаражаттар да бірреттік есепшоттарына түседі»,- дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау.
Қаржылай көмектен бұрын аталған азаматтарға шипажайларға да жолдамалар беріледі. Сондай-ақ жылына екі рет басылымдарға жазылуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, қаладағы ардагерлер саны жыл санап азайып келеді. Олардың ең қарты биыл желтоқсан айында 100 жасқа толады. Ал, өткен жылы осы уақытта 21 соғыс ардагерінің көзі тірі еді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.