Салауатты өмір салтын ұстан! Избранное

Пятница, 22 Апрель 2022 03:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 871 раз

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

64

 

Кездесудің мақсаты – АИТВ/ЖИТС-тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ отансүйгіштікке тәрбиелеу, кереғар діни ағымдардың алдын алу.
Іс-шараға Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебі басшысының орынбасары Руслан Аитов, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Назира Жүргенбаева, Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының жеңімпазы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Мақсат Тұрсынбек және «Авиценна» медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Кездесуде қатысушыларға нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпараттар берілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.