ФИНЛЯНДИЯНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 29 Апрель 2022 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 784 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Финляндияның Қазақ-стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мякеляйнен- Буханист Сойлимен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынас пен іскерлік ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

115

 

Инвестиция тарту – қаланы дамытудағы маңызды бағыттың бірі екенін айтқан қала басшысы заң аясында бекітілген мемлекеттік қолдаумен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге, іскерлік кездесу іс жүзінде жемісті нәтиже беретініне сенімді екенін айтты.
Жалпы, сыртқы сауда бойынша Шымкент пен Финляндия арасындағы импорт өткен жылы 1,7 млн. АҚШ долларын құраған болатын. Сондай-ақ, Қазақ-станда жұмыс істейтін финляндиялық компаниялардың басым бөлгі энергетика, телекоммуникация, транспорт, сауда, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп салаларында қызмет
көрсетуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.