Жеке инвесторлар қаржыландырады Избранное

Пятница, 29 Апрель 2022 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1080 раз

Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 6.2 миллиард теңге жұмсалған. Бұл туралы Абай ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

117

 

Шаһар басшысының айтуынша, өткен жылы қалада жаңадан 1 мемлекеттік және 4 жекеменшік клиника ашылған болса, биыл 7 жекеменшік денсаулық сақтау мекемесін ашу жоспарланған.
–Қазір орталықтан шалғайда орналасқан елді мекендерде бастапқы медициналық-санитарлық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бар. Тұрғындар бейіндік дәрігерлерге қаралу немесе анализдер тапсыру үшін орталықтағы емханаларға баруға мәжбүр. Біз жеке инвесторлардың есебінен емдеу мекемелерін көбейтіп жатырмыз. Бір емханада кемінде 60 мың адам болады. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай дәрігерлік амбулаториялардың орнына әр шағынаудан мен тұрғын алаптың өзінің толыққанды емханасы ашылады. Онда барлық бағыттар бойынша бейіндік дәрігерлер мен заманауи медициналық құрал-жабдықтар болады және өз зертханалары жұмыс істейді. Емханаға түсетін жүктеменің азаюының арқасында медициналық қызметтің сапасы да жақсарады, – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат
Дүйсенбекұлы.
Шаһар басшысының айтуынша, келесі жылы Шымкенттегі Бозарық елді мекенінде жеке инвестордың қаржысына 1 000 төсек-орынды аурухананың құрылысы басталып, ол 2025 жылға қарай іске қосылмақ.
–Көпбейінді аурухана ең соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылатын болады. Инвестор онда елдегі ең білікті дәрігерлерді топтастыруды, сондай-ақ, шетелдерден де білікті дәрігерлер алдыруды жоспарлап отыр. Мұндай аурухана Шымкентті медициналық туризмнің орталығына айналдырады, – деді қала әкімі.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.