Версия для печати

ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Избранное

Среда, 18 Май 2022 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1026 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатта Абай аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың және суицидтің алдын алуға арналған жиын өтті.

528

 

Абай аудандық прокуратурасының прокуроры Берік Ермаханұлының айтуынша, Абай аумағында орналасқан 39 мектепте осындай жиын ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар арасында түсініктеме жұмыстары жүргізілген.
Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, соңғы уақытта жасөсіпірімдер арасында суицидтік әрекеттер көбейген. Мәселен, сондай бір оқиға ата-анасы баласынан ұялы телефонын алып қойғанда орын алған. Прокуратура қызметкерлері бүгінгі таңда жасөспірімдердің өзін-өзі өлімге қию себептерін анықтау, сонымен бірге, жалпы кәмелет жастағы балаларға қарсы немесе солармен бірге жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстарын қолға алуда.
Мектептердегі кездесулерге прокуратура қызметкерлерімен бірге педагог-психолог, дін өкілдері де қатысуда.
– Шынында да жасөсіпірімдер арасында суицид көбейіп тұр. Қазіргі балалардың психикасы күрделі. Сондықтан ата-аналарға айтарым, ұл-қыздарыңызға арнайы уақыт арнаңыздар. Бірге қыдырып, серуендеңіздер. Олармен сырласып, ішкі жан-дүниесіне үңіліңіздер. Олар артында мықты тірегі, қолдаушылары тұрғанын, бұл өмірде жалғыз емес екендерін сезінсін, – дейді №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаттың педагог-психологі Бағила
Сапарқұл.
Суицид пен жасөспірімдер қылмысының алдын алу жұмыстары прокуратура тарапынан алдағы уақытта да жалғасады.