Версия для печати

«АРЫСТАНБАБ» КІТАПХАНАСЫНА ОҚУЛЫҚТАРДЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ Избранное

Пятница, 20 Май 2022 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1211 раз
Оцените материал
(0 голосов)

18-мамыр – Халықаралық музей күніне орай, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Музейге кітап сыйла» атты акция бастады. Осы іс-шара аясында Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің кітапханасына кітаптар тапсырды.

550

 

Аталмыш акцияға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Дархан дала» атты отандық туризм саласы бойынша жетекшісі, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров және шаһардың бір топ мешіт имамдары қатысты.
– Бұл кесенеде ХІХ ғасырға дейін «Көне Арыстанбаб кітапханасы» болған. Кеңестік дәуір тұсында кесенедегі өте құнды кітаптар қоры сол қилы заманда қолды болып, ұрланып, өртеліп бүгінгі уақытқа толық жетпеді. Осы орайда, көне кітапхананы жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң қорытындысынан өткен діни кітаптар кесене кітапханасына сыйға тартылды, - деді Шымкент қаласы бас имамының орынбасары М.Естеміров.
Тапсырылған кітаптар ішінде қасиетті Құран Кәрім, Тәпсір ілімі, хадис ілімі, Ақида ілімі, Қ.А.Яссауи ілімі, Ислам тарихы мен Пайғамбарлар тарихы, Ихсан ілімі және тағы басқа жүзден астам діни оқулықтар бар. «Арыстанбаб» кесенесі кітапханасының рухани қорын байыта түскен бұл кітаптарды зиярат етіп келген кез келген азамат пайдалана алады.
Өз кезегінде ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қызметкерлері көне кітапханы жаңғыртуға байланысты игі жұмыстарға қолдау білдірген «Отырар мемлекеттік археология қорық-музейінің» директоры Жанкелді Махашовке арнайы алғысын білдірді.