Версия для печати

ТҰРҒЫН ҮЙ РЕФОРМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА Избранное

Пятница, 20 Май 2022 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1084 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР заңына сәйкес қаламызда көпқабатты үйлерді жаңа басқару формасына көшіру жөнінде реформа сәтті жүзеге асырылуда. Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров пен тұрғын үй заңнамасын реформалау комитетінің мүшесі Жұмабек Исмаилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында баяндады.

553

 

— Мегаполисте 2236 көпқабатты үйдің 124-і мүлік иелері бірлестігіне 1798-і жай серіктестікке өтті. «Бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» қағидасына негізделген жаңа тұрғын үй реформасы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығыстарды бақылау мен жалпы қаржылық операцияларды ашық жүргізуге мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарын жоспарлауға талап етілетін ЖСҚ құжатын әзірлеу мен көпқабатты үйдің қасбетін әрлеу жаңғырту бағдарламасына сәйкес мемлекет есебінен тегін жүргізіледі,-
деді Мәлік Құттымбетұлы.
Өз кезегінде Ж.Исмаилов жаңа басқару жүйесіне көшкен көпқабатты үйлердің жетекшілерін іс жүргізу бойынша оқыту жұмыстары басталғанын хабарлады.