ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ – ЗОР МҮМКІНДІК Избранное

Пятница, 20 Май 2022 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 392 раз

Шымкентте түлектерге арналған «Жас маман-2022» бос орындар жәрмеңкесі өтті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуға арналған дәстүрлі «Жас маман» жәрмеңкесінің ашылуында М.Әуезов атындағы ОҚУ басқарма төрағасы-ректор Дария Қожамжарова сөз сөйледі.

549

 

– Биыл университеттегі 93 мамандық бойынша 6742, атап айтқанда күндізгі бөлім бойынша – 3786, сырттай – 1761, кешкі – 152 түлек бітіргелі отыр. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – жұмыс берушілердің болашақ жас мамандарды жақынырақ танып, өздерінің кәсіпорындарына білікті мамандарды іріктеп, таңдап алуларына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Бүгін түлектер өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, болашақ жұмыс орындарын табуға жол ашық. Жұмыспен қамту мекемелерінің басшылары сіздерге «Жас маман - 2022» бос орындар жәрмеңкесіне қатысқандарыңыз үшін, ризашылығымды білдіре отырып және алдағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін,- деді.
Ректор іс-шара барысында университеттің қарқынды даму жолындағы білім беру бағдарламаларын құрастыруда белсенді қатысқан жұмыс берушілерді алғыс хатпен марапаттады.
– М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтіп жатқан «Жас маман – 2022» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі түлеп ұшатын студеттер үшін үлкен мүмкіндік болғалы тұр. Біз осы арқылы бітіруші түлектермен тікелей қарым-қатынас орнатып, олардың ұсынылған мәліметтері мен түйіндемелерімен таныстық. Мұндағы мақсат – жас мамандардың өсуі мен одан әрі дамуына өз үлесімізді қосу,- деді
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты «Орталық» ӨК» ЖШС-нің адам ресурстарын басқару бөлімінің маманы Махаббат Қанатқызы.
Оқу орнының 4 курс студенті Нұрбек Нұржанұлы жәрмеңкеге қатысып, жұмыс орын беретін мекемелерге түйіндемесін қалдырғанын айтады.
– М.Әуезов атындағы ОҚУ-да жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, жыл сайын «Жас маман» жәрмеңкесі ұйымдастырылып отырады. Бұл болашақ мамандарға пайдасы орасан зор. Осы арқылы бітіруші студенттер оқу орнын бітіре салысымен, жұмысқа орналаса алады. Бір ғана емес 150-ден астам мекемелермен келісім шартқа отыруға болады. Бір сөзбен айтқанда «Жас маман – 2022» жәрмеңкесі біз үшін мүмкіндіктер алаңы болып отыр. Егер түйіндемем бойынша жұмысқа шақырту алсам, оқуымды бітіре салысымен өз мамандығым бойынша жұмысымды атқарамын, - деді Нұрбек Нұржанұлы.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.