Версия для печати

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАРАТУШЫ 4 ОПЕРАТОР БЕКІТІЛДІ Избранное

Пятница, 20 Май 2022 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1160 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекембаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған жанар-жағармай босату жөнінде арнайы брифинг берді.

547

 

—Бүгінгі таңда жеңілдетілген бағада жанар-жағармай таратушы 4 оператор анықталды. Ол «Sapaly Munai», «АЗК Алмаз», «Иксан групп» және «Шахат инвест» ЖШС-лер. Дизельді отынның литрі 189 теңге болып бекітілді. Бүгінге дейін 290 тонна арзандатылған жанар-жағармай босатылып үлгерді. Жалпы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 2000 тонна жанар-жағармай бөлінген,- деді Талғат Тойлыбайұлы.
Сонымен бірге спикер өз баяндамасында шаруаларды 30 маусымға дейін жеңілдетілген дизель отынын алу үшін басқармаға тиісті құжаттарын өткізіп үлгеру қажеттігін атап өтті.