Спортшылар жеңіспен оралды Избранное

Пятница, 20 Май 2022 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 392 раз

Еркін күрестен Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржан мен байрақты бәсекеде өз шеберлігін көрсеткен Пернеш Шадиярды жерлестері әуежайдан күтіп алды.

548

 

Сонымен бірге спортшыларды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қарсы алып, оларды жеңісімен құттықтады. Бұл жетістік жаттықтырушылар мен спортшылардың табанды әрі мықты жұмысын көрсетіп тұрғанын айта кетті.
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен 24-ші Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысты. Қазақ-станның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғаса, олардың құрамында жерлестеріміз 65 келі салмақтағы Пернеш Шадияр мен 70 келідегі Рсалы Сабыржан бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.