Қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына қайта қолжетімді. Олар Ғ.Ілияев көшесі-Қонаев даңғылы қиылысы, Арбат, Түркістан көшесі 55 үй, «Мацарелло» мейрамханасының алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Жақын күндері Әл-Фараби ауданында мұндай ауызсу бұрқақтары тағы 6 жерге орнатылмақ.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген тұрғын сусындау үшін субұрқақтарды күтіп ұстауға шақырамыз. Қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!