Ұлттық ұлан қаржыгерлерінің оқу-әдістемелік жиыны басталды

Пятница, 20 Май 2022 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1203 раз

Бүгін Ұлттық ұлан  өңірлік қолбасшылықтарының қаржы қызметі бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны басталды. Жиынға құқықтық тәртіп әскерінің 45 әскери қызметшісі қатысуда. Іс-шара әскери бөлімдердегі қаржы қызметтерінің жұмысын пысықтап, атқарылған жұмыстарына қорытынды жасау мақсатында ұйымдастырылды.

557

 

Айта кетерлік, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін қаржыландыру мәселесі 1992 жылы Ішкі әскердің (қазіргі Ұлттық ұланның) құрылған күнінен бастап 30 жыл көлемінде айтарлықтай оң сипат алды. Мәселен еліміздің қай қаласында болмасын, әр әскери қызметшіге жеке айлық көрсеткішінің, өзіне және отбасы мүшелеріне тағайындалатын пәтер ақысының мемлекет тарапынан төленуі жүйеленіп, уақытылы жүзеге асырылуда. Оған қоса, арнайы құралдар, қару-жарақ, әскери киім үлгісін жаңарту мәселесінде де қаржы қызметкерлері қаражаттың заңды түрде толық қамды бөлінуін аса назарда ұстап тұратыны да жайлы айта кеткен жөн.

Жиын қорытындысы мамыр айының 21-не жоспарлаған.

6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Последнее изменение Пятница, 20 Май 2022 04:15
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.