– Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен оқушыларды, балаларды қолдауға арналған түрлі іс-шаралар қолға алынған. Көптен бері алғаш реті 150 мың жуық оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, оған қоса, 60 мың оқушыға арналған тегін үйірмелер жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы сіздер сапалы білім алу үшін арналған. Себебі, оқушылар неғұрлым білім алып, дамыса, еліміз де соғұрлым дамиды. Сіздердің табыстарыңыз – мемлекеттің табысы! – деді Шыңғыс
Жұмабекұлы.
Бұдан кейін білімімен, дарынымен, өнерімен топ жарып жүрген оқушыларға қала әкімінің алғыс хаттары мен грамоталар, сыйлықтар табыс етілді. Олар – республикалық шығармашылық оқулардың, олимпиадалар мен басқа да сайыстардың жеңімпаздары.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкенттің 500-ден астам оқушысы халықаралық, республикалық, деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды.