Версия для печати

ЖЕҢІМПАЗдАР МАРАПАТТАЛДЫ Избранное

Среда, 25 Май 2022 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1298 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Дарынды балалар фестивалі» бағдарламасы өтті. Оқушылар сарайында өткен мерекелік іс-шарада білімімен, өнерімен көзге түсіп жүрген оқушыларға марапаттар табысталды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының жетекшілері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

612

 

– Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен оқушыларды, балаларды қолдауға арналған түрлі іс-шаралар қолға алынған. Көптен бері алғаш реті 150 мың жуық оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, оған қоса, 60 мың оқушыға арналған тегін үйірмелер жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы сіздер сапалы білім алу үшін арналған. Себебі, оқушылар неғұрлым білім алып, дамыса, еліміз де соғұрлым дамиды. Сіздердің табыстарыңыз – мемлекеттің табысы! – деді Шыңғыс
Жұмабекұлы.
Бұдан кейін білімімен, дарынымен, өнерімен топ жарып жүрген оқушыларға қала әкімінің алғыс хаттары мен грамоталар, сыйлықтар табыс етілді. Олар – республикалық шығармашылық оқулардың, олимпиадалар мен басқа да сайыстардың жеңімпаздары.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкенттің 500-ден астам оқушысы халықаралық, республикалық, деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.