ШОМЫЛУҒА АРНАЛҒАН ОРЫНДАР БЕЛГІЛЕНДІ Избранное

Среда, 25 Май 2022 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 500 раз

Жаз бойы мегаполис аумағында «Қауіпсіз жаз» атты кең ауқымды насихаттау акциясы өткізіледі. Осыған орай Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

610

 

Төтенше жағдай қызметкерлері акция аясында шомылуға тыйым салынған жерлерді бақылауына алады. Шаһарда шомылуға арналған ресми орындар белгіленіп қойды. Ол Қошқар ата өзенінің сағасы, Тоғыс су қоймасындағы «Тоңазытқыш» демалыс аймағы және Бадам су қоймасындағы «Рахат-Бадам» демалыс аймағы.
Жаз бойы мобильді топтар суға түсуге болмайтын орындарды аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жадынамалар таратады.
Акцияға полиция департаментінің өкілдері, «Лидер.кз» еріктілері, жедел-құтқару жасағының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен құтқарушылар, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары да жұмылдырылады.
Іс-шараның алғашқы күні мобильді топтар Қаратау ауданындағы қараусыз қалған карьер, Қошқар ата өзені, Бадам және Сайрамсу өзендерінің бойындағы жабдықталмаған учаскелерді шолып шықпақ.
Өз кезегінде қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 учаске анықталып отыр. Департаменттің берген дерегіне сүйенсек, екі айда 4 жазатайым оқиға орын алып, 1 ересек адам мен кәмелетке толмаған 3 бала суға батып кеткен.
Шомылу маусымында департаменттің 55 құтқарушысы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.