Версия для печати

Сапа – құрылыстың бір атасы Избранное

Среда, 25 Май 2022 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1166 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистегі ірі жол құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты. Соның бірі «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.

618

 

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын жол құрылысын «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Қазір айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда.
Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орны ауыстырылуда. Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылады. Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал, 8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар, шаһар басшысы Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.
Бүгінде Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша жол мен аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары жүріп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.