ҚАМҚОРШЫЛЫҚҚА 40-ҚА ЖУЫҚ ӨТІНІШ БЕРІЛДІ Избранное

Пятница, 03 Июнь 2022 03:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 727 раз

Жыл басынан бері Шымкенттегі ХҚО-ларда «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 40-қа жуық қызмет көрсетілді.

517

 

Заң бойынша ата-анасыз қалған балаларға әдетте жақын туыстары қамқоршы болады, бірақ, туыстығы жоқ адамдар да қамқоршылыққа өтініш бере алады.
Балаларды қорғау күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы қамқоршылыққа алуға өтінішті екі тәсілмен беруге болатынын еске салады. Олар: eGov.kz порталы және ХҚО арқылы.
ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар клиентке қайтарылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні. Клиент тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат алады, оның негізінде дайын құжаттар беріледі.
Мемлекеттік қызметті eGov.kz порталы арқылы рәсімдеу үшін электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет және порталда «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» қызметін таңдайсыз. Содан кейін деректерді толтырып, сканерленген құжаттарды тіркеуіңіз керек.
Ескерту! Егер клиент кәмелетке толмаған, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе ата-ана құқықтары шектелген, қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін аурулары бар жағдайларда мемлекеттік орган қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуден бас тарта алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.