Кісі ақысын жемеңіз Избранное

Пятница, 03 Июнь 2022 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 956 раз

Жыл басынан бері шаһарда мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің қадағалауымен 17 кәсіпорында 1200-ден астам жұмыскердің жалақы қарызы өтелді.

513

 

Жұмыс берушілердің жалпы еңбекақы қарызы 200 миллион теңгеден асады. Бұл туралы қала әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысында мәлім болды.
Қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жұмыс берушілер және қалалық кәсіподақ өкілдері қатысқан комиссия отырысында азаматтардың еңбек құқығын қорғауға байланысты бірқатар мәселе көтерілді. Атап айтқанда, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақтылы әрі толық төленуі, еңбек қауіпсіздігі, жазатайым оқиғалардан сақтандыру басты назарда тұр.
Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжановтың айтуынша, қазіргі таңда жұмыскерлерді сақтандыру аса маңызды. Өйткені, құрылыс саласында ауызша келісім және қызметтер көрсету шарттарының түзілу салдарынан қауіпті жұмыста еңбек ететін жұмыскерлер сақтандыру жүйесінен тыс қалуда. Осы бағытта ішкі еңбек нарығын қорғау, көлеңкелі экономикадағы еңбек табыстарын ресми бағыттарға өткізуді көздейтін ұсыныстар мен төмен жалақы деңгейін көтеру туралы ұсыныстар әзірленбек.