Версия для печати

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Пятница, 24 Июнь 2022 08:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1426 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кеше қолына қалам ұстаған журналистер мамандығын ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, өмірін ажалдан арашалап қалды.

109

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету Шымкентте жуырда ашылған симуляциялық орталықта жүзеге асты.
Іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысының БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл босандыруға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген.
Орталық мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дәріс жүргізді. Дәріспен қатар білікті тренерлер базалық жүрек-өкпе реанимациясын заманауи құрылғылардың көмегімен тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйретті.
–Орталық мамандары базалық жүрек-өкпе реанимациясын әрбір адам білуі тиіс дейді. Ол дегеніміз көшеде адамдардың есінен танып құлап қалуы, жүректің қысылуы не болмаса балалардың ұсақ-түйек заттарды жұтып қоюы кезінде алғашқы медициналық көмек беруді біліп жүру екен. Мамандар тәжірибе жүзінде көрсетіп, біраз қажетті мәлімет алдық. Дегенмен, алғашқы медициналық көмек беру оңай жұмыс емес екен. Дәрігерлердің еңбегіне бас иемін, - деді «Әділет» қоғамдық газетінің тілшісі Роза Бекетаева.
Айта кетейік, симуляциялық орталықтың әзірге Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Қазіргі таңда орталықта медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда. Іс-шара соңында басқарма басшысы журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.