Версия для печати

АЙТЫЛДЫ, ОРЫНДАЛДЫ Избранное

Среда, 29 Июнь 2022 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1427 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еңбекші ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері уақытымен шешіліп жатыр.

123

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен және аудан тұрғындарымен кездесуінде 48 мәселені өзекті деп танып, хаттамалық тапсырмалар берген болатын. Өткен аптада Мұрат Дүйсенбекұлы халықпен кездесіп, тапсырманың орындалуын тағы да пысықтады.
Күні бүгінге дейін берілген 48 тапсырманың 15-і орындалып, 10-ы тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Ал 23 мәселе бойынша берілген тапсырмалар жыл соңына дейін толығымен орындалады.
Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталсақ. Аудан аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабында 2 шақырымдық жол орташа жөнделіп, «Сүзік ата» мазаратына баратын жолға тас төселген. Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елді мекендеріне 3000 үйге 16 млн м3 лимит бекітіліп, осы лимит шегінде ағын сумен қамту жұмысы ұйымдастырылды. Тоғыста екі трансформатор қоршалып, 7 электр бағанасы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан ауыстырылды. Маятас тұрғын алабының Мұнайбарлаушылар көшесіндегі ойын алаңшасына жаңа 6 электр бағанасы орнатылған.
Шалғай елді мекендерде интернет мәселесі де шешімін тауып жатыр. Мәселен, Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылғаннан кейін интернет сапасы жақсарған. Жол белгісі, аялдама павильондары және Қазығұрт аумағындағы Елтай, Айнатас, Тоғыс, Жыланбұзған, Маятас тұрғын алабына аумақтың төлқұжаты көрсетілген стендтер ілінді.
Мұрат Дүйсенбекұлы Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесуінде қала аумағына енген елді мекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартудың күн тәртібінен түспейтінін, яғни, алдағы уақытта да кезектегі 23 мәселенің орындалуын тұрақты бақылап, нәтиже беруін қадағалайтын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.