Версия для печати

«ЖАСЫЛ ЕЛДІҢ» ЖАҢА МАУСЫМЫ Избранное

Среда, 29 Июнь 2022 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1794 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті. Абай саябағында өткен іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері, белсенді жастар қатысты.

124

 

– «Жасыл ел» бағдарламасы құрылған алғашқы жылдардан-ақ оң нәтиже беріп келеді. Осы бағдарлама аясында «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтары құрылған. Мұндағы мақсат – жастардың жазғы каникулда бос жатпай, еңбек етіп, жалақы алуы ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы. Себебі, сіздер туған қаламыз – Шымкенттің тазалығына, дамуына үлес қосасыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Мөлдір Кеуенова.
Жиын бұдан кейін концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар көпшілікке арнап ән салды. Жауапты мамандардың айтуынша, биыл 1313 жасты бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 27 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама жастарға жігер берген өміршең бағдарламаға айналды. Еліміздің әр аймағынан республикалық штабтың бөлімшелері ашылып, олар күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.