Версия для печати

БИЫЛҒЫ МЕЖЕ – 1 МЛН 60 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР Избранное

Понедельник, 04 Июль 2022 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1490 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде түрлі басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдалып, оған қоса, кеңестің келесі тоқсанындағы төрағасы сайланды.

136

 

Алдымен қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
– Шымкентте қазіргі таңда басқарма тарапынан жалпы 90 нысанның құрылысы жүруде. Оның ішінде 51 тұрғын үй, 11 білім беру нысаны, 15 инженерлік инфрақұрылым нысаны, мәдениет және денсаулық саласына қатысты 2 нысан, төтенше жағдай саласына қатысты 2 нысан және ауыл шаруашылығы, спорт секілді басқа да салаларға қатысты нысандар бар. 2021 жылы мегаполисте 1 млн шаршы метр тұрғын жай пайдалануға берілсе, биылғы меже – 1 млн 60 мың шаршы метр. Оның ішінде құрылыс басқармасы тарапынан жалпы ауданы 240 шаршы метр болатын пәтерлер беріледі деп күтілуде. Жоғарыда айтылған 51 үйдегі үш мыңға жуық пәтердің көлемі – осындай. Ал 6 білім беру нысаны – биыл, қалған бесеуі келесі жылы пайдалануға беріледі. Оның ішінде Нұрсәттегі 500 адамға шақталған Оқушылар сарайы да бар, – деді басқарма басшысы Әбілсейіт Рабаев.
Бұдан кейін ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбаев баяндама жасап, әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлеріне қойылатын шекті бағаның жаңа мөлшерлемесіне қатысты қаулыны қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынды.
Алқалы отырыс соңында қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды. Бұл процедураға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов арнайы қатысып, көпшіліктің атынан осыған дейінгі үш ай бойы төрағалық еткен Шалатай Мырзахметұлына қоғамдық еңбегі үшін алғыс айтып, сый-сияпат табыстады. Қоғамдың кеңестің төрағалығына Бауыржан Әлтеевты бірауыздан сайлады.
Енді Бауыржан Әлтеев алдағы қоғамдық кеңес жұмысына бір тоқсан бойы төрағалық етеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.