2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Шымкент қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі, бағалау есебімен, 131131,2 млн теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 129,2 пайызды құрады.
2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды құрады, ол – 48,9 пайыз, өнеркәсіп – 19,2 пайыз, білім беру – 9,1 пайыз, көлік және қоймалау – 7,7 пайыз.
Биылғы қаңтар-мамыр айларында ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдар 109648,6 млн теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 46,7%-ға артты.
Технологиялық құрылым бойынша инвестициялық салымдардың 83,6 пайызы ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына тиесілі. Шағын кәсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі осы жылдың қаңтар-мамырында 115892,5 млн теңгеге жетті.
Ал аудандар бойынша инвестицияның едәуір үлес салмағы Қаратау (44% немесе 57729,9 млн теңге) және Абай (19,8% немесе 25983,5 млн теңге) аудандарына тиесілі.
Алтынай АЙТУҒАНОВА,
Ұлттық статистика бюросының
Шымкент қаласы бойынша департаменті
құрылыс және инвестиция статистикасы
басқармасының бас маманы