Өрттен ағаштарға зақым келген жоқ Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 988 раз

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында өрт орын алып, мамандардың көмегімен алдын алу шаралары күшейтілген тәртіпте жүргізілді.

22

 

Аптап ыстықтан өрт қаупінің басымдылығына байланысты «Build stroi» ЖШС-де өз тарапынан көмек көрсетуде. Компаниядан қураған шөптерден тазалау жұмыстарына қосымша 150-ге жуық адам жұмылдырылған. 85 шөп орғыш техника және 12 дана көлік көмегімен дендросаябақтың аумағында 5 арнайы топ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңға өрт қаупі бар 8 гектар жерде тазалау жұмыстары жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жасыл желек аймағы бақылауға алынған. Сақтық шарасы мақсатында 2 су тасымалдау көлігі дайындалған.
Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының айтуынша күні бүгінге дейін дендросаябақта өрт салдарынан ағаштарға зақым келген жоқ.
Саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар: кәдімгі өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.
Былтырғы жылдан бері бос жатқан 6 га аумаққа қосымша 2000 түп көшет қондырылған. Оның ішінде өрік, жиде, шие, дерен және әртүрлі жәй жапырақты шаған, айлант, үйеңкі отырғызылған.
Одан бөлек, жартасты арша, агава, тікенекті көгілдір шырша, жабайы жүзім (Қызыл кітапқа енген), Сібірлік шырша, Калифорния терек, терек -2000, айлант -840, ақ тораңғыл (қызыл кітапқа енген), ақ сексеуіл егілген. Шағын раушан гүлдер бағын жасау мақсатында 1000 раушангүл отырғызылып күтіп-бапталуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.