Өзекті мәселелер – қоғамдық бақылау кеңесі назарында Избранное

Пятница, 22 Июль 2022 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1046 раз

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді.

27

 

Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жоспарларды баяндады.
Ауданда ауыз сумен қамту үшін 8 нысанның, кәріз жүйесінде – 19, электрмен жабдықтауда – 16, газдандыруда – 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі – 99 пайыз, кәрізбен қамту – 60 пайыз, электрмен қамту – 99 пайыз, табиғи газбен қамту – 94,7 пайызға жететін болады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тарту жұмыстары аяқталып, жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді.
Көлік кептелісін азайтып, жолдардың сапасын жақсарту мақсатында 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары, 2 жолайрық құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша бір мыңға жуық бейнебақылау камераларын (2021 ж. – 3 177 камера), заманауи 9 мобильді полиция бекеті орнатылып жатыр. Нәтижесінде 6 айда жалпы қылмыстардың саны 18,8 пайызға азайды.
–Мегаполис болғалы қала бюджеті 4 есеге артты. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жақсы тәжірибеге айналды. Өткен жылы 55 жобаға 1,2 млрд.теңге, ал оларды іске асыруға 3,9 млрд.теңге қаржы бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты, - деді қала әкімі.
Кездесу соңында қала басшысы тұрғындар сауалдарына жауап берді, сұрақтар хаттамаға енгізілді.
Айта кету керек, биылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізген-ді. Онда тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалып, 316-ның жыл соңына дейін орындалуы күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ мерзімді шешімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген.
Сонымен қатар, әрбір ауданнан Қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын жоспардың орындалуын талқылап отырды. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.