Университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша 31 мамандыққа, ал магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандыққа білім беру құқығына ие. Оқу ордасында өңірге белгілі ғылым, профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.
1998 жылы Түркістан облысы Жетісай қаласында ашылған «Сырдария» университеті оңтүстіктің шалғайдағы жастарын жоғары білім алуына мүмкіндік беріп, білікті мамандар даярлауда дәстүрі қалыптасқан жоғары оқу орындарының біріне айналды. Ширек ғасырға жуық тарихы бар университетті мегаполиске көшіру туралы ұсынысты Үкімет пен Ғылым және білім министрлігі қолдап, жаңа атаумен жұмыс бастауға рұқсат берген. Нәтижесінде, жоғары оқу орнына жерлесіміз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Жұмабек Тәшеновтің есімі беріліп, жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдауды бастап кетті.
Айдана МАРАЛБЕКҚЫЗЫ