9 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды Избранное

Пятница, 29 Июль 2022 05:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 720 раз

Шымкентте «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Басты мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу. 19 шілде күні басталған акцияның 8 күнінде Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 8386 әкімшілік құқықбұзушылық анықтап, 186 автокөлікті айыптұраққа жеткізді.

78

 

Атап айтқанда, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген, техникалық байқау құжаты жоқ, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған азаматтарға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушілер де анықталды.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 699 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.