БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ТҰТАСТЫРАР ЕЛ ІШІН Избранное

Пятница, 29 Июль 2022 05:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 989 раз

Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Үшінші мегаполисте этномәдени бірлестіктер мемлекеттік саясат аясында жергілікті биліктің қолдауымен этностар мәдениеті мен ана тілін сақтап, дамуға және қазақстандық патриотизмді насихаттауға белсене атсалысып келеді.

81

 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі, Еңбекші ауданы әкімдiгiнiң жауапты қызметкерлерi, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкiлдерi бас қосқан жиында тұрақтылық пен тұтастықты сақтау мәселесі қозғалды. Басқосуға Еңбекші ауданы аумағындағы Жас дәурен тұрғын алабының тұрғындары қатысты.
Мемлекеттік этносаясаттың басымдықтары сөз болған жиында тұрғын алапта қалыптасқан бүгінгі ахуал сараланды. Жас буынның тәлiм-тәрбиесiне назар аудару, жастардың Отан алдындағы әскери борышын өтеуі секілді мәселелер де жиынның маңызды тақырыбының бірі болды.
Ауыл қариялары тұрғын алабта қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, мазмұнды ойларымен бөлісті.

А.МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.