ОТЫЗ АЯЛДАМА ОРНАТЫЛДЫ Избранное

Среда, 03 Август 2022 05:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 595 раз

«Шымкентте биыл орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарланған. Шілде айынан бастап 30 аялдама орнатылды. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады» - дейді жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов.

104

 

Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат елдімекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы ету.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1 886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1 336 аялдама павильоны болса, қалғанына аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылы жаңа үлгідегі аялдамалар саны 670-ке жеткен.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.