Асар-2: ауыз су құбыры тартылуда Избранное

Среда, 03 Август 2022 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 709 раз

Қаратау ауданына қарасты Асар-2 елдімекенінде ауыз су (2-кезек) құрылысы жүргізілуде. 10 маусымда басталған құрылыс жұмысының бүгінде 40 пайыздан астамы аяқталды. Яғни, жоспарланған 54,2 шақырымдық су құбырының 21,5 шақырымы тартылды.

106

 Аталған нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде Асар-2 елді мекеніндегі 1000 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады.  Ал, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, шағын аудандағы Нұрлы жол және №4 көше жарықтандырылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.