САПАЛЫ БІЛІМ – МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСТЫ ТАЛАП Избранное

Среда, 03 Август 2022 05:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 870 раз

Шымкентте соңғы жылдары жекеменшік мектеп көбейді. Бұл қалада үш ауысымды мектептердің азаюына ықпал етіп отыр. Үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Биыл пайдалануға берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестордың есебінен салынып жатыр. Осы аптада қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы жүріп жатқан мектептердің жұмыс барысын тексеріп көрді.

103

 

Бес жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, Шымкентте 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектеп салу жоспарланған. Жоспарлы жұмыстардың орындалу барысын, жаңадан бой көтеріп жатқан білім мекемелерінің құрылысын қадағалау, жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау – басты мақсат. Жалпы, Шымкентте өткен жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.
Биыл 34 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылы, 24-інің құрылысы биыл басталған. Жыл соңына дейін 24 мектеп ашылады. Сөйтіп үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке дейін азаяды.
– Мектеп балалардың сапалы әрі қауіпсіз білім алатын ордасы болуы керек. Бұл талап мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, барлық мектепке бірдей, - деген әкім тиісті сала басшыларына барлық мектептің жаңа дизайнмен, сапалы етіп салынуын жіті бақылауға алуды тапсырды.
– Нұрсат шағынауданы, Нұр-Сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебінің құрылысы өткен басталған. Ол биыл пайдалануға беріледі. Үш қабатты ғимаратта 12 оқу бөлмесі, кітапхана бар. Сондай-ақ, асхана, мәжіліс залы, спорт залы, алғашқы медициналық көмек кабинеті де қарастырылған.
Қаратау ауданы, Бозарық шағынауданындағы 240 орындық «Жас-Қанат» жекеменшік мектебі жоспарға сай 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, медкабинет те болады.
- Қаратау ауданы, Достық шағынауданындағы 300 орындық «Жан-Нұр» жекеменшік мектебі - 2 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, спорт зал, мед кабинет болмақ.
- Асар шағынауданындағы 500 орындық «Keremet-City», 240 орындық «Нұртас» интеллектуалды жалпы орта мектебі және Ақжайық шағын ауданындағы «PARASAT AJ» мектептері бой көтеруде.
Осы жылы балалар игілігіне берілетін мектептердің бірі – Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан 228 орындық Әлихан Бөкейхан атындағы бастауыш мектебі. 2 қабатты ғимаратта 12 оқу бөлмесі, оқушылар асханасы, медкабинет, спортзал қарастырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.