ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ Избранное

Пятница, 05 Август 2022 05:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 366 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді. Қабылдауға 250-ден аса азамат келіп, олардың 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірді, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен баспана, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

115

 

«Түркістан» сарайында өткен бірыңғай қабылдауда шаһар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да қатысып, тұрғындардың мәселесін тыңдады.
Қабылдауда жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетіні айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді.
Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер енгіру, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларын бөлісіп келгендер де болды.
М.Әйтенов әр азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.