Ұлы ақын есімі дәріптелді Избранное

Пятница, 12 Август 2022 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 766 раз

Шымкентте ел руханияты үшін айрықша саналатын мерекені атап өту 9 тамыздан басталды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына орай Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі күндік «Кітап керуені» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.

265

 

«Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында өткен іс-шараға шымкенттіктер белсене қатысты. Оқырмандар Арбат демалыс аймағында көрмеге қойылған ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптарымен танысты. Ұйымдастырушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қала тұрғындары арасында викториналық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.
Бұл күні шымкенттік зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар Абай атындағы саябақтағы ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
–Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Ол шындықты айта отырып, өлеңдері мен қара сөздері арқылы жастарды адамгершілікке, адал достыққа үгіттеді. Күні бүгінге дейін дана ақынның шығармалары өзектілігін жоғалтқан емес,- деді Абай ауданының әкімі Бұқарбай Рысқұлұлы.
Мерекеге жиналған қауым философтың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтты. Белсенді шымкенттіктерге кітапхана атынан сый-сияпат жасалды. Іс-шараның жалғасы «Абай» кітапханасында жалғасты. Мұнда да ойшыл, ағартушының шығармашылығы насихатталды. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасының Абай Құнанбайұлының 177 жыл толуына орай ұйымдастырған мерекесін «Абай әндерін бірге шырқайық» кітапхана түнімен қорытындылады.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.