ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Пятница, 19 Август 2022 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1287 раз

Шымкент қаласында ҚР Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға ҚР ҰҚК облыстық, қалалық департаменттерінің және Шымкент гарнизоны күштік құрылымдарының басшылары қатысты.

 

ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мадияр Жұмаділов көпшілікті мерекемен құттықтады. Мадияр Бекдайырұлы отан үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі өлшеусіз екенін атап өтіп, бірқатар азаматтарды Шымкент қаласы және Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлеміндегі мемлекеттік шекараның күзетілуі мен қорғалуына жауапты бірден бір мекеме. Қызметтік тарихы 1999 жылдың аяғынан бастау алады. Департамент қарамағында үш аудандық шекара басқармасы бар, олар мемлекеттік шекараны құмды, таулы, жазық әрі трансшекаралық суларды күзетеді.
Жиынға жас сарбаздар, ардагер шекарашылар мен мәртебелі қонақтар қатысты. Салтанатты іс-шара барысында шекарашылардың қызметі жайында бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар, ҚР мәдениет қайраткері Х.Шалабаева, Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, патриоттық әндер шырқалды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.