Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шымкент қаласының әкімі болып Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев тағайындалды.

DSC 1076

Кеше облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы Елбасының назарындағы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін жеткізген облыс басшысы қала әкімінің жаңа қызметінде жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Атап айтқанда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар мәселелерге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруды міндеттеді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвесторлар тартуды, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды, қалаға жаңадан қосылған елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

DSC 1000

Қаланың жаңа әкімі Нұрлан Ермекұлы өз сөзінде Шымкентті көркейту жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

– Шымкент қаласының әкімі қызметін атқару үлкен жауапкершілікті жүктейді. Белгіленген міндеттер мен тапсырмалардың маңыздылығын жете түсінемін. Ортақ игілік жолында бірлесіп, алдағы уақытта аталған жұмыстарды іске асыруға күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді қала әкімі.

Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай қала әкімінің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, пайымды пікірін ортаға салды.

DSC 0993

– Шын мәнінде, соңғы жылдары Шымкенттің экономикалық-әлеуметтік ахуалы біршама түзеліп, еңсе тіктеді. Жаңарған, сәулеттік кескін-келбеті артқан қалада тың жобалар жүзеге асуда. Осы орайда, Нұрлан Ермекұлының біліктілігі мен іскерлік қабілетіне үлкен сенім артылады, – деді И. Рысбай.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі жылдан астам уақыт Шымкент қаласының әкімі міндетін атқарған Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне ауысуына байланысты қала әкімі қызметінен босатылды.

>> Қала әкімінің өмірбаяны <<

Опубликовано в Қала

ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен Орынбасар Зайдинұлы Тастанов Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ал бұған дейінгі департамент басшысы Ерлан Сламханұлы Дауылбаев Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы болып ауысты.

11111

Орынбасар Зайдинұлы 1977 жылы Шымкент қаласы «Ақтас» мөлтек ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірді. 2004-2008 жылдары ОҚО спорт және туризм департаментіне қарасты ұлттық және су спорты түрлері мектебінде заңгер, Төлеби, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласында, Әділет басқармаларында, Әділет департаментінде жетекші әрі бас маман міндеттерін атқарған. 2008-2012 жылдары аралығында Сарыағаш ауданының әділет басқармасы басшысының орынбасары, одан кейін басшысы болды. 2012-2017 жылдары ОҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарды. 2017 жылдың маусым айынан қазан айына дейін Астана қаласында ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі департаменті директорының орынбасары болды.

Опубликовано в Саясат

Шымкент қаласының қос ауданында жаңа прокурор тағайындалды. Қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен актив жиынында облыс прокурының бірінші орынбасары Хали Маматаев Абай ауданы мен Әл-Фараби аудандарына тағайындалған прокурорларды таныстырды.

1341488852 prok-1


Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Сұлтан Шатемірұлы Орманов тағайындалды. Ол 1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ал Абай ауданының прокуроры болып, Жомарт Нұрғалыұлы Нұрғали тағайындалды. Ол 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Хали Рысқұлбекұлы қос азаматтың да іскерлік, кәсіби және адами қасиеттеріне жекелей тоқталды. Прокуратура саласында ұзақ жылдар бойы еңбек өтілдерінің барын ескеріп, бұл лауазымды жоғары деңгейде атқаруға толық негіз барын атап өтті. Және алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Абай және Әл-Фараби аудандарының прокуроры міндеттерін атқарған азаматтар қызметтік мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.

Опубликовано в Заң
Пятница, 13 Январь 2017 08:14

Басқармаға – жаңа басшы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Мұқан Егізбаев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

egizbaev 4

Жаңа басшыны таныстырған аймақ басшысы Ж.Түймебаев біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының докторы Мұқан Кеңесбекұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар ретін міндеттеді.

Айта кетейік, жаңа қызметке тағайындалған М. Егізбаев 1962 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы педиатр-дәрігер, экономист, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-ординаторы болып бастаған. Ал 1988-2008 жылдары Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі, бас дәрігері, облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің бас дәрігері, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған. 2008 жылғы қыркүйек айынан бастап облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келді.

Жаңа қызметте М. Кеңесбекұлына зор жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз!

Опубликовано в Саясат

Кеше ҚР Парламенті Мәжілі-сінің депутаты Ахмад Мурадов «Қоғамдық келісім» КММ-інде ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесті.

 DSC9817

Ел Тәуелсіздігінің басты құндылығы саналатын этносаралық бірлік пен татулықты нығайтуға Парламент депутаты да өзіндік үлесін қосты. Өңірдегі жағдаймен танысып, пікірін білдірді. Алғашқы сөзін қаладағы орын алған апатты жағдайдан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстарына көңіл айтудан бастады.

– Қайғылы жағдай баршамызды қамықтырды. Әйтсе де, мәселеге «тағдыры солай болды» деп қарауға болмайды. Мұндай қауіптерді болдырмаудың жолын қарастырып, қатердің алдын алу керек. Әлеуметтік жағдайдың сапасын арттыру қажет. Екінші жағы – елдің құлағы түрік жүргені, апатты жағдай орын алғаннан кейін көмектесуге тілеулестік ықылас таныту – елдің бірлігін, бір-біріне деген мейірімін көрсетті, – деген депутат заңнамадағы өзгерістерге де тоқталды.

Ассамблея атынан сайланған Мәжіліс депутаты бұл күні түстен кейін «Қоғамдық келісім» КММ-інде қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
11 қаңтар күні Ахмад Мурадов сағат 10:00-де облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұжымымен, сағат 15:30-да Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлерімен кездесуді жоспарлаған. Ал 12-13 қаңтар күндері Төлеби ауданы мен Түркістан қаласының тұрғындарының пікірін тыңдап қайтуды көздеп отыр.

Опубликовано в Саясат
Среда, 09 Ноябрь 2016 05:35

Департаментте – жаңа басшы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.

derbisov n

Н. Бекболатұлы бұған дейін Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарды. Соңғы уақытта облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған еді. Ол 1974 жылы дүниеге келген. 1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық құқық университетін, 2010 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. 

Азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет атқаруда. Қызмет жолын мемлекеттік өрт бақылау инспекторынан бастап, ОҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасарына дейін жетті.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 21 Октябрь 2016 05:16

Ашық конкурспен іріктеп алынды

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда ашық конкурс арқылы бірқатар білім беру мекемелерінің басшылары тағайындалды.

14666091 1804963186416707 4863261323871503976 n  14681822 1804953419751017 4106696365072338214 n 

Атап айтсақ, «Інжу-Маржан» бөбекжайының директоры конкурс негізінде іріктеп алынды. Жалпы конкурсқа 7 үміткер қатысып, мол қызмет тәжірибесі арқылы Нұрбекова Гүлназ Полатқызы бөбекжай директорлығына лайық деп танылды.
Сондай-ақ ашық конкурс нəтижесінде №67 орта мектебінің директоры болып Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы қызметіне кірісті.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 09 Сентябрь 2016 06:43

Үкіметте – кадрлық өзгерістер

ҚР Премьер-министрінің міндетін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

3

Үкіметте бірқатар лауазымды қызметте өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Премьер-Министрі қызметінен босатылып, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

ҚР Премьер-Министрінің міндетін уақытша атқару ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.

Елбасының Өкімімен ҚР ҰҚК Төрағасы Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметі жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болады. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Опубликовано в Саясат

akhmedzhanovОңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына конкурстық іріктеу нәтижесінде жаңа басшы тағайындалды.
1963 жылы туған Нұрболат Ахметжанов жоғары білімді концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.
1990-1998 жылдар аралығында Павлодар облыстық филармониясында және С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында қызмет етті.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып бастаған.
Н.Ахметжанов бұған дейін ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Опубликовано в Саясат

dvdҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ОҚО ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.
Ол Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.

Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы, Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы лауазымдарында қызмет етті.

Соңғы лауазымы – Қызылорда облысының ІІД бастығы болған.

Опубликовано в Саясат
Страница 1 из 2