Пятница, 09 Июнь 2017 05:09

Шымкенттен қант зауытын ашпақ

Біріккен Араб Әмірлігінің кәсіпкерлері Шымкенттен қант зауытын салуға ұсыныс білдіріп отыр. Сонымен қатар Оңтүстіктен тұрақты түрде қой сатып алуға ниетті.

shardzha-41

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде еліміздің БАӘ-дегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім етті.

– Бүгінде екі ел арасындағы инвестициялық тартымдылық жоғары деңгейде. Осыны ескере отырып, Біріккен Араб Әмірлігінің Оңтүстіктен қант зауытын салу жөніндегі ұсынысы өз күшінде екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ араб елі өзге де салаларда қарым-қатынасты нығайтуды жоспарлап отыр, – деді Қайрат Лама Шариф. 

Кездесу барысында Жансейіт Қансейітұлы Біріккен Араб Әмірлігі тарапынан жасалған инвестициялық ұсыныстарды толығымен қолдайтынын жеткізді. Өңір басшысы БАӘ-нің ірі сауда орталықтарынан Оңтүстік өнімдерін сататын бөлімдер ашу мәселесін де қозғады. Сондай-ақ «Шымкент-Шарджа-Шымкент» бағытында әуе рейсін ашу жайын да талқылады. 

Айта кетейік, халқының саны 500 мыңға жуық Шарджа қаласы БАӘ-нің мәдени астанасы саналады.

Опубликовано в Қала

Облыс аумағындағы сай-салалар мен шатқалдарды көркейту, көріктендіру ісі арнайы бағдарлама аясында жүйелі түрде жүргізілмек. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасы бойынша, жалпы аумағы 16 мың гектарды құрайтын 47 шатқалға ағаш егіліп, көріктендіріледі. Сай-салалар айналасы абаттандырылып, тұрғындар демалатын көрікті мекенге айналғалы отыр.

Алғашқы шатқалдар пайдалануға берілуде

shatkal

Қазіргі көрінісі

 

«Шатқал» бағдарламасының бірінші кезеңінде Шымкент қаласында 4 саябақ салу көзделген. Оның бірі «Нұртас» шағынауданында орналасқан «Шымсая» шатқалының аумағы 13 гектарды құрайды. Алдағы уақытта демалыс аймағында 6 мың түп ағаш көшеттері егіліп, балалар алаңшасы, шахмат және дойбы алаңы, веложолдар мен театралдық сахна, полиция бөлімшесі, спорттық жаттығу алаңдары тұрғындардың игілігіне берілмек. 

– Бүгінде өркениеті дамыған елдерде мұндай тәжірибе кеңінен қолданылуда. Жуырда Оңтүстік өңірінен арнайы делегация құрамында Түркия елінде болғанымызда, ондағы қалыптасқан біраз жайтты көңілге түйіп, тәжірибе жинақтап қайттық. Жол бойындағы сай-салалар дерлік демалыс орнына айналған. Зерлі кілем төсегендей жасыл ландшафтар, алқызыл гүлдермен өрнек салған гүлзарлар көздің жауын алады. Озық елдің өнегелі тәжірибесін неге бізде де жүзеге асырмасқа?! Табиғи климаты қолайлы, жері құнарлы оңтүстік өңірінде тұрғындарға сая сыйлайтын мұндай саябақтардың көп болғаны қажет-ақ, – дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Архабаев.

Пайдалануға берілген «Шымсая» шатқалында қарағай, арша, емен, шаған, талшын секілді бойшаң ағаш көшеттері егілуде. Қазіргі таңда «Жасыл желек» мекемесі өз тарапынан 680 көшет отырғызған болса, Дендрологиялық саябақ КММ-нен 38 дана қарағай көшеттері жеткізілген. Сондай-ақ, «Нұрсәт» шағынауданындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында бой түзейтін шатқалды көгалдандыруды қалалық құрылыс бөлімі өз міндетіне алған. Оның жалпы аумағы – 25 гектар. 

 

14

Келешек келбеті

 

Ал «Самал-3» шағынауданында салынып жатқан саябаққа бүгінде 5 мың түп ағаш көшеттері отырғызылыпты. «Самал» шатқалы деп атау берілген саябақ 38 гектар аумақты құрайды. Мұнда 15 мыңнан астам – үйеңкі, емен, шаған, шынар, қарағаш, сексеуіл, қараған, жылауық тал мен арша, қарағай калифорниялық терек егілмек.

– Шымкенттегі 8 саябақ, 30 гүлзар, 1 дендросаябақтың жалпы аумағы жасыл желекпен қосқанда 300 гектарды құрайды. Мұны миллион тұрғынға шаққанда, адам басына бар болғаны 3-ақ шаршы метрден келеді. Бұл бір адамға бір талдан келеді деген сөз. Ал санитарлық талаптар бойынша қалада әрбір адамға 16 шаршы метр жасыл желек болуы керек. Қала аумағындағы сай-салаларды көгалдандыру мемлекеттік қызметкерлердің ғана міндеті болып саналмайды. Оған баршамыз бірлесе атсалысуымыз керек, – дейді Нұрлан Төлепбергенұлы.

Сала мамандарының берген мәліметінше, қала аумағындағы жасыл белдеудің жалпы көлемі 16,8 мың гектарды құрайды. Бұл бағытта бағдарламаның негізгі мәні қараусыз қалған шатқалдарды көгалдандырып, онда инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуді, субұрқақтар, аяқжолдар, басқа да халыққа қызмет көрсету нысандарының қатарын арттыруды көздейді.

Бағдарламаның екінші кезеңі бойынша жалпы аумағы 124 гектарды құрайтын 12 шатқалды пайдалануға беру көзделуде. Оның 5-еуі Төлеметов көшесінің бойында және «Бозарық» шағынауданы мен «Бозарық» тас жолының аумағынан салынады.

Опубликовано в Қала

Түркиядағы Анталия индустриалды аймағының делегациясы өңірімізде жұмыс сапарымен болды. Делегация мүшелері алдымен Шымкенттегі арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтың жұмысымен танысып, ондағы кәсіпорындарды аралады.

 turik kaspikerleri

Өңірдің экономикалық әлеуетімен танысқан түрік кәсіпкерлері аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, болашақта бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді. 

Түркиялық кәсіпкерлердің өңірімізге іссапарының мақсаты – ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға инвестициялар тарту, осы саладағы орта және шағын бизнесті дамыту. Осы сапар аясында түркиялық үш компаниямен – «Çitello» (кептірілген жемістер және азық-түлікке арналған қаптама өнімінің өндірісі), «SiMGETEK A.S.» (жылыжайға арналған жабдықтарды өндіру және орнату) және «CUBO» (құрғақ құрылыс қоспаларын және бояу өнімдерін өндірісі) компанияларымен Оңтүстік Қазақстан облысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Түрік кәсіпкерлері Оңтүстікке сапары аясында жергілікті кәсіпкерлермен B2B кездесулер өткізді.

Опубликовано в Қала

Ресейлік «Космос-Нефть-Газ» қаржылық-өнеркәсіптік компаниясы және қазақстандық «Саутс-Ойл» компаниясы Еуро-5 стандарты бойынша мұнай химия комбинатын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

euro 5

Жоспар бойынша, жаңа зауыт жылына 2 млн тонна шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын мәселесі талқыланған басқосуда облыс әкімі Ж. Түймебаев қонақтарды аймақтың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды. 

– Өңірде шетелдік инвесторлар үшін бар жағдайды жасауға әкімдік толықтай әзір. Бүгінде облыста 11 индустриалды аймақта 151 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 10 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.Сондай-ақ, аймақтағы салаларға қаржы салған инвесторлар үшін салықтан босату жеңілдіктері қарастырылған, – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланысы 2016 жылы 13 млрд 583 млн АҚШ долларын құрады. Оның 3509,2 млн АҚШ доллары экспорт, 9129,8 млн АҚШ доллары импорт тауарлардың құны болып есептеледі.

Опубликовано в Қала
Пятница, 24 Февраль 2017 05:49

Жастар жаңашыл жобаларға құмар

Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қаламыздағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың арасында «Шымкент жастарының инновациялық жобалары» көрмесі өтті.

 DSC0990

Көрмеге 20 жас өз жобаларын ұсынды. Олар мұнда «Ақылды үй», «Биойогурт», «Био үй», «Ақылды орындық», «Робот-суқұйғыш», «Арық тазалауыш», «Робот-футболист», Жұқпа-жартылай полуфабрикат, Қоқыс өңдеу, «Mega Motion» ойын алаңында оқушылар көмегімен электр энергиясын өндіру тәсілдері, Кресло-качалка, тамшылатып суғаруда судың тамшылау жиілігін тұрақтандыру, жылы-жайға күн сәулесін түсіру, калифорниялық шылаушындар арқылы биогумусты өндіру, жахандық жылуға қарсы микросуқұйғыш, транспортер, малшылардың ақылды үйі, Байтерек 3D пазл, Қажымұқан Мұңайтпасұлының тарихи мұрасын зерделеу және жаңаша таныту, жұмыртқа қабығын өңдей отырып қаланы көгалдандыру жұмыстарына пайдалану жобаларымен таныстырды.

 DSC0997

Іс-шара соңында көрмеге жобаларын ұсынған жаңашыл 20 жасқа Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Опубликовано в Білім

Ендігі жерде ел нарығына шығу үшін арнайы GMP стандартынан өткен дәрілерге ғана рұқсат етіледі. Яғни, фармацевтика саласында сұранысты толық көлемде қамтамасыз етуге даяр шетелдік трансұлттық компаниялардың қызметі қатаң бақылауға алынбақ.

news1464158092

Оңтүстік өңіріне арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шымкент қаласындағы фармацевтикалық өндіріс орындарын аралап, сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Нарықтағы әлеуетін зерделеді. Осының негізінде, енді отандық дәрі-дәрмекке сұранысты ұлғайтудың заңнамалық тетіктері дайындалатын болады.

Елдегі фарминдустрия саласында жоғары сапалы өнімдерді дайындайтын «Химфарм» АҚ-ы бүгінде дәрі-дәрмектің 200-ден астам түрін шығарады. Компания өткен жылы 22 миллиард теңгенің өнімін өндіріпті. Биыл бұл межені 20 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Зауыт басшысы Рустам Байғариннің айтуынша, кәсіпорын Елбасы тапсырмасына сәйкес, елдегі ішкі сұранысты толық қамтуға қабілетті. 

Арнайы делегация мұнан кейін «ЭкоФарм Интернешнл» ЖШС-де болып, кәсіпорынның алдағы бағыт-бағдарымен танысты. Вакумдық құрал-жабдықтар мен екіжақты ине өндірісін қолға алған бұл серіктестік әзірге ТМД нарығына бірегей өнімдерін ұсына алады. Дегенмен, кәсіпорынның атқарушы директоры Гүлия Жүзенова шығарған өнімдерін экспортқа енді ғана ұсына бастағанын жеткізді.

– 2018 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың дәрі-дәрмектер саласындағы ережелері күшіне енеді. Сондықтан, ондағы өзгерістерге отандық кәсіпорындар дайын болуы қажет. Бүгінде ел нарығындағы отандық өндірістің үлесі 50 пайызға жуықтайды. Осы орайда, салаға қатысты Заң жобасының жаңа тетіктерін әзірлеу арқылы импортқа деген тәуелділіктен арылуға мүмкіндік бар, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамыраев.

Айта кетейік, тек соңғы 3 жылда өңірдің фармацевтикалық әлеуеті 2 есе артқан. Биыл тағы 5 жоба іске қосылмақ. Дегенмен, сала мамандарының айтуынша, мұндағы 836 елдімекеннің 230-да әлі де болса дәріханалардың тапшылығы сезіледі. 

Парламент Мәжілісі бюросының шешімі бойынша құрылған арнайы комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтар мен өңірдегі 18 ірі дәріхана жүйесі басшыларының қатысуымен көшпелі отырысын ұйымдастырды. Жиын барысында кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында серіктестікті тиімді жоғарылату, халықаралық стандарттар мен заманауи технологияларды өндірісте енгізу, тұрғындарды сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, тиісті ұсыныстар енгізілді.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 03 Февраль 2017 03:43

Шымкент – ең жайлы қала

Ел аумағындағы ірі 20 қаланың ішінде тұрғындардың өмір сүру сапасы, инфрақұрылымдық даму көрсеткіші, тазалығы мен қонақжайлық деңгейі бойынша мамандар арнайы сараптама жасады. OLX сервисі ұйымдастырған «Үздік қала» сауалнамасының нәтижесінде ең үздік көрсеткішке 43,3 балл жинаған Шымкент қаласы ие болды. Шымкентті ел тұрғындары «Жылы қала», «Жайсаң жандар мекені» ретінде бағалаған.

DSC 2909

Ел аумағындағы ірі 20 қаланың ішінде тұрғындардың өмір сүру сапасы, инфрақұрылымдық даму көрсеткіші, тазалығы мен қонақжайлылығының деңгейі бойынша мамандар арнайы сараптама жасаған. Яғни, OLX сервисі ұйымдастырған «Үздік қала» сауалнамасына қатысушылар өз бағасын берді.

Сауалнамаға қатысушылар қалалардың бүгінгі ахуалын 1-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша бағалады. Ең үздік көрсеткішке 43,3 балл көрсеткішін жинаған Шымкент қаласы ие болды. Шымкентті ел тұрғындары «Жылы қала», «Жайсаң жандар мекені» ретінде бағалаған.

Екінші және үшінші орындарды өзара бөліскен Талдықорған мен Орал қалалары тиісінше, 42,2 балдық көрсеткіш нәтижесіне ие болды. Ал ел астанасы 40,8 балмен алтыншы көрсеткішке ие.

Қоғамдық зерттеудің ең негізгі критерийлері ретінде дүкендердің жақын орналасуы, демалыс пен спортқа арналған орындардың болуы, сондай-ақ балаларға арналған инфрақұрылымдардың лайықты жабдықталуы сынды 10 фактор басты назарға алынған.

Опубликовано в Қала

Индустрияландыру бағдарламасы аясында бүгінгі таңда барлық аудан, қалаларда индустриялық аймақтар құрылуда. Осы орайда Оңтүстіктегі индустриялық аймақтардың бірі – Тассай индустриялық аймағының тыныс-тіршілігімен еліміздің бір топ Мәжіліс депутаттары – Берік Оспанов, Уәлихан Қайназаров, Ержан Құдайберген және тағы басқа депутаттар танысты.

Халық қалаулылары индустриялық аймақта іске асырылып жатқан «Мега Смарт» ЖШС-ның жылтыр МДФ плиталарын өндіретін зауытының құрылыс барысын көріп шықты.

deputaty

Жалпы, индустриялық аймақ құрылысына ұлттық қордан 1,0 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аймақта жалпы құны 18,7 млрд теңгеге 18 жоба іске асып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда. Яғни, бюджеттік 1 теңгеге 18,7 теңге жеке инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, мұнда жыл соңына дейін 5 жобаның іске қосылуы күтілуде. Онда 200-ден астам жұмыс орындары құрылатын болады. Аймаққа инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сапар барысында депутаттар Оңтүстікте атқарылып жатқан игі шараларға оң бағасын берді.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 08 Апрель 2016 04:24

Жарық қала – қауіпсіз қала

Биыл Шымкентте 231 көпқабатты үй ауласы жарықтандырылады

Қала түнгі келбетімен көрікті. Орталық көшелерде, демалыс орындарының шамдары жарқырап тұрса, қандай! Бүгінде Шымкент қаласының түнгі шырайын арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Биыл қаланың 231 ауласын жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.


IMG 5007

Мәселелер кезең-кезеңімен шешіле бермек. Кешкі серуенге шыға қалсаңыз Орталық көшелердің, саябақтардың сүттей жарқырап тұрғанын көресіз. 2018 жылға дейін Шымкенттегі барлық көпқабатты үйлердің аулалары толықтай жарықтандырылуы керек. Тиісті сала мамандары осылай дейді. 

Қалада барлығы 1000-нан аса көпқабатты тұрғын үй ауласы болса, бүгінде оның 334-і көріктендірілген. Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ерубай Құралбаев жалпы жарықтандыру жұмыстары екі бағытта жүретінін айтады.

– Негізінен, орталық көшелер мен көпқабатты тұрғын үй аулаларын ретке келтіру басты назарда. Бүгінге дейін 138 көшенің шамын жағу жұмыстары аяқталды. 2016 жылға жобалық-сметалық құжаттарымыз дайын. Биыл 28 көшені жарықтандыру, қосымша 3 көшені қайта құру көзделіп отыр. Бағдарламаға сәйкес, бәрі де соңғы үлгідегі бағаналарға ауыстырылады. Ш. Уәлиханов, Елшібек батыр, Сайрам және Т. Рысқұлов көшесін, Жібек жолы көшесін А. Байтұрсынов көшесіне дейін түнгі шамдарын реттеу жұмыстары қолға алынады. Көшелер мен 231 ауланы жарықтандыру жұмыстары біздің тарапымыздан және төрт аудан әкімінің келісімімен іске асады, – дейді бас маман.

Қалаға жаңадан қосылған елдімекендерді, сондай-ақ, Жұлдыз, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабының орталық көшелерін абаттандыру жоспарланып отыр. Жалпы, 40 көшенің тізімі белгіленіпті. Бұл келешекте іске асатын шаруа.

Бүгінде қаладағы 5 саябақ пен 30 гүлзардың жарығы қосылса, оларды күтіп ұстау да назарда.
Байқасаңыз, қазіргі уақытта Д. Қонаев, Бәйдібек би даңғылының бойы түнде шуақ шашып тұр. Үшінші мегаполистің түнгі келбеті осындай болуы керек емес пе?! Бұл жарқыраған диодты шамдар. Мұндай энергияны аз қажет ететін, бірақ жарық беру әлеуеті үлкен диодты шамдар кең қолданысқа ие. Яғни, қаладағы ескі жарық көздерімен салыстырғанда 5 есе жарық көп береді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, келешекте Орталық көшелердің жарық көздерін осындай шамға ауыстырылуы тиіс.
Мұның бәрі де қаланың шырайын арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Әйткенмен, кейбіреулер мемлекет мүлкін бүлдіріп, шығын келтіріп отырғанын да айтпасқа болмай тұр.

Былтыр Бадам өзені жағалауындағы 1000-нан аса шамдардың бірқатары бүлінген оқиғалар талай рет айтылып, жазылды. «Ұры алыстан келмейді» десек, мұның бәрін де жасайтын сол жергілікті тұрғындар.

Бұл жағдайларды ішкі істер органдары біраз ретке келтірген. Дегенмен, әлі де болса бүлінген жағдайлар бар екен. Бүгінде 21 шағынаудандағы Қошқар ата өзені бойының реңі кіріп, көрікті орынға айналған. Орындықтары ауыстырылып, қоқыс жәшіктері қойылған. Былтыр жарық шамдары орнатылғалы бұл маңда тұрғындар жиі серуендейтін болған. Жиі жағалайтын да жастар. Жанында өзен суы арқырап ағып жатса, түнгі самалдың лебі есіп тұрған жерде кім қыдырғанды хош көрмейді дейсіз?!

20 жылдан бері осы ауданда тұратын Ержан Төлебаев тек бір жағдайға қынжылады. «Өзім де серуендеуге келіп тұрамын. Жарық қойғалы адам көп өтетін болды. Қараңғыдан қорқады ғой көбісі. Жастардың келетіні құптарлық, бірақ кейбірінің пісте шағып, ластап кететініні ұят жағдай», – дейді шағынаудан тұрғыны.

Шырайлы қала көшелерінің шамдары жарқырап тұр. Алда көркіне көрік қосып, абаттана түсетінініне сенім мол.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2018 жылға дейін бүкіл қаладағы көпқабатты үй аулаларын толықтай жарықтандырудың жоспары бекітіліп, қаржыландыруға ұсынылып отыр.

Мұндайда қала тұрғындарының ұқыптылыққа деген мәдениеті өзгеріп, қаламызға құрметпен қарау ғана қалмақ.

Опубликовано в Қала