Пятница, 21 Октябрь 2016 05:16

Ашық конкурспен іріктеп алынды

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда ашық конкурс арқылы бірқатар білім беру мекемелерінің басшылары тағайындалды.

14666091 1804963186416707 4863261323871503976 n  14681822 1804953419751017 4106696365072338214 n 

Атап айтсақ, «Інжу-Маржан» бөбекжайының директоры конкурс негізінде іріктеп алынды. Жалпы конкурсқа 7 үміткер қатысып, мол қызмет тәжірибесі арқылы Нұрбекова Гүлназ Полатқызы бөбекжай директорлығына лайық деп танылды.
Сондай-ақ ашық конкурс нəтижесінде №67 орта мектебінің директоры болып Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы қызметіне кірісті.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 09 Сентябрь 2016 06:43

Үкіметте – кадрлық өзгерістер

ҚР Премьер-министрінің міндетін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

3

Үкіметте бірқатар лауазымды қызметте өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Премьер-Министрі қызметінен босатылып, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

ҚР Премьер-Министрінің міндетін уақытша атқару ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.

Елбасының Өкімімен ҚР ҰҚК Төрағасы Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметі жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болады. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Опубликовано в Саясат

akhmedzhanovОңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына конкурстық іріктеу нәтижесінде жаңа басшы тағайындалды.
1963 жылы туған Нұрболат Ахметжанов жоғары білімді концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.
1990-1998 жылдар аралығында Павлодар облыстық филармониясында және С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында қызмет етті.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып бастаған.
Н.Ахметжанов бұған дейін ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Опубликовано в Саясат

dvdҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ОҚО ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.
Ол Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.

Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы, Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы лауазымдарында қызмет етті.

Соңғы лауазымы – Қызылорда облысының ІІД бастығы болған.

Опубликовано в Саясат
Среда, 17 Август 2016 06:41

Қаратау ауданында – жаңа әкім

Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында ҚР Президент әкімшілігі мен облыс әкімі Б. Атамқұловтың келісімімен Қаратау ауданының әкімі болып Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында жаңа аудан әкімінің кандидатурасы мақұлданды.
Сессияның күн тәртібінде Қаратау ауданы әкімін тағайындауды келісу туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасады. Сессия жиынынан соң қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Қаратау ауданы әкімдігіне жаңа басшысы Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұловты таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы 22 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында туылған.
Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық құқық және нарық академиясы мамандығы бойынша жоғары білім алған. Алғаш еңбек жолын 2000 жылы Каспий экологиялық прокуратурасының маманы ретінде бастаған. 2010-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін қамтамасыз ету департаменті азаматтық және әкімшілік жұмыстары бойынша бақылау сот алқасы хатшылығының меңгерушісі, 2016 жылы 4 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін қамтамасыз ету департаменті азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі болып еңбек еткен.

Опубликовано в Саясат

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Болатбек Бақтиярұлы тағайындалды.

btolegen

Болатбек Бақтиярұлы 1980 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы саясаттанушы, мемлекеттік және жергілікті басқару. Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс және жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2002-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг, әкімшілік, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарды.

2010-2016 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келеді.

Опубликовано в Саясат
Страница 2 из 2