Среда, 24 Август 2016 05:33

150 оқушыға қамқорлық көрсеттi

 MG 0238

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Қаратау ауданына жаңадан тағайындалған әкім Ғабит Мәуленқұлов әлеуметтік жағынан аз қамтылған 150 отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етті.

 MG 0262

Үй-үйді аралаған әкім «Қайнарбұлақ» пен «Бозарық» шағынауданында тұрып жатқан олардың отбасылық жағдайымен танысып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

 MG 0243

– Аудан әкімдігі қызметкерлері мен кәсіпкерлер осы істің бастамашысы болып отыр. «Мектепке жол» акциясы аясында сауапты істен шет қалмауды жөн санадық. Мақсатымыз – титтей болса да оларға қуанышты көңіл күй сыйлау. Бала – біздің болашағымыз, ертеңіміз. Сондықтан әр ата-ана ұл-қызының тәрбиесіне, біліміне көбірек көңіл бөлсе екен деймін, – деді аудан әкімі Ғ. Мәуленқұлов.

Опубликовано в Қоғам

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Балалар оқу құралдары мен мектеп формасын ретке келтіріп, алғашқы қоңырауға қамдануда. Алайда, барлығы емес. Жаңа оқу жылына дайындықсыз баратын балалар да бар. Осыған орай жыл сайын елімізде «Мектепке жол!» акциясы өткізіліп келеді. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын акцияға әрбір өңір үлес қосуда. Шымкент қаласында да акцияның салтанатты ашылуы өтті.

Дендросаябақта өткен акцияға қала әкімі Ғ. Әбдірахымов, қалалық мәслихаттың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, білім және тәрбие беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары қатысты. Қала әкімі көпшілікті акцияның ашылуымен құттықтап, балалардың жақсы оқып, еліміздің болашақ таңдаулы ұл-қыздары болуына тілектестігін білдірді. 

DSC 6290

– Бұл акцияның жеткіншектерімізге берері мол. Биыл қаланың 29 644 оқушысына қолдау көрсетілетін болады. 5 мың баланың есеп-шотына 12 мың теңгеден 60 млн теңге аударылды. Осы ретте тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады, – деді Ғ. Әбдірахымов. 

Акцияда балалардың қуанышында шек болған жоқ. 5 сынып оқушысы Нұрдәулет Құнанбай мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылып отыр. 

Шара барысында «Алтын адам» тігін фабрикасының мектеп формалары төмен бағамен келушілер назарына ұсынылды. Акцияда қала әкімдігінің қолдауымен көпбалалы отбасынан шыққан 18007 оқушыға, 385 жетім және 5080 жартылай жетім, 979 мүгедек, 5166 аз қамтылған және 47 оралман отбасының балаларына көмек көрсетілді. Ал қала әкімі өз демеушілігімен 100 балаға мектеп сөмкесі мен оқу жабдықтарын береді.

DSC 6410 2

Акцияға үлес қосамын деген азаматтар қалалық білім бөліміне барып, киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстай алады. Ал көмек алуға үмітті ата-аналар мен балалар тізімі жергілікті жердегі мектептерде бекітіледі. Баласының болашағына бейжай қарамайтын ата-ана егер мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдық аламын десе, сонда өтініш білдіруіне болады.

Опубликовано в Қоғам

Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей аймағында орын алған селдің зардабынан 700-ге жуық қандасымыз зардап шегіп, көбі баспанасыз қалған еді. Төтенше жағдайға көмек қолын созуға ең алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен белсенді жастар атсалысты.

mongolia

Облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударса, кәсіпкерлердің демеушілігімен 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банка тұздалған қияр және кондитерлік өнімдер, ірімшік, шұжық, тауық еті, басқа да азық-түлік пен 5000 дана шұлық жөнелтілді. Сондай-ақ, зардап шеккен 5 отбасының үй салуға жұмсайтын құрылыс материалдарын облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн теңге көлеміндегі қаражатпен қамтамасыз ететін болды.
– Баян-Өлгейдегі қандастарымызға көмек көрсетуде көлік мәселесін шешіп, кедендік құжаттарды рәсімдеуге және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарға облыс әкімі Б.Атамқұлов қолдау көрсетті. Моңғолиядағы жағдайды көзбен көріп, қандастарымызға гуманитарлық көмекті жеткізілгеніне өзім куә болып қайтамын, – дейді «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы А.Аңдабаев.

Опубликовано в Қоғам

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!
Қадірменді қауым!

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында 300-дей үйді қатты жауған бұршақтан кейін сел шайып кетті. Аталған елдің ақпарат құралдары қазақтар көп тұратын өлкеде адам шығыны болып, 700-дей жанның баспанасыз қалғанын жазуда. Оларды жергілікті билік мектеп жатақханалары мен киіз үйлерге орналастырған.
Облыстың белсенді жастары орын алған жағдайға бей-жай қарай алмай, облыс тұрғындарына үндеу жариялайды.
Шекараның арғы жағындағы қандастарымыздың қайғысы мен басына түскен қиындығы бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. «Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу адамгершіліктің ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет.
Ежелден қарға тамырлы қазаққа жау да, дау да, той да, қайғы мен қаза да ортақ. Көмекке мұқтаж бауырларымызға қол ұшын созу – азаматтық парыз. Жат жерде жүрген қандастарымыз артында тәуелсіз әрі қуатты Қазақ елі барын, кез келген жағдайда көмектесуге әзір қазақ халқы барын сезінсін. Сондықтан қолымыздан келгенше қиын сәтте қандастарымызды желеп-жебеу мақсатында облысымыздың барша тұрғындары мен жастарын, беделді кәсіпкерлерін, үкіметтік емес ұйымдарды, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерді материалдық және моральдік көмек қолын созуға шақырамыз.
Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған төмендегі есеп-шотына қайырымдылық қаржыларыңызды аударуға болады.

РЕКВИЗИТ:

«Бізбен бірге» қоғамдық қоры Шымкент қаласы, Қайтпас 2 шағынауданы №34-35
«Нур банк» АҚ Шымкент қ. филиалы
БИН 150540004179
ИИК KZ4284906KZ000966548
БИК NURSKZKX
КОД 18
Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының
төрағасы Андабаев Абай, тел: 8 778 558 31 74, 8 705 483 54 93.
14.07.2016 ж.

Опубликовано в Қоғам

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі «Қазақстан Халық банкі» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 26 отбасыға азық-түлік таратты.

13530363 1101243369922352 431271589 n

Жалғызілікті тыл ардагерлері күріш, қант, макорон, шай, тәттілер салынған себет толы сыйлықтары бар банк қызметкерлерінің арнайы үйіне іздеп келіп, көңіл бөлгеніне қуанды.
– Біраз уақыт бұрын банк басшылығына осындай қайырымдылық шарасы туралы ұсыныс хатпен шыққан болатынбыз. Олар бірден қолдап, банк қызметкерлері өз қалтасынан қаржы шығарып, нәтижесінде 26 отбасыға қажетті азық-түлік сыйлап, қуантып отыр. Алдағы уақытта да талай игі істерді бірлесіп атқаратын боламыз, – деді Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Ырысбаев.

Опубликовано в Әлеумет
Среда, 20 Апрель 2016 06:36

Достықты дәрiптеуде

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Шымкентте «Достық сыйы» атты тарту жасау акциясы басталды. Бұл ретте өңірімізде тұратын түрлі этнос өкілдері игі шараға белсене қатысуда.

DSC 0682

Татулыққа үндейтін акция эстафетасын алғаш болып «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен оның төрайымы Гаухар Төлепова бастады. Олар «Усадьба Ладушки» кондитерлік дүкенінде славян этномәдени бірлестігі өкілдеріне «Достық сыйын» тарту етіп, алдағы 1 мамыр мерекесімен құттықтады.
Бұл акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының ОҚО-ғы филиалы ұйымдастырды. Оның мақсаты – халқымыз үшін қасиетті саналатын «халықаралық достық» пен «ұлттық бірлік және келісім» секілді ұғымдарды кеңінен дәріптеу. Біздің елімізде әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтай отырып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуда.
– Бұл эстафетаны басқа да этномәдени орталықтар жалғастырып, 21 сәуір күні «Ауылым» кафесінде грузин этномәдени бірлестігі тәмамдайды. Осы акцияның нәтижесінде қоғамда этномәдени бірлестіктердің рөлі артып, барлық ұлттардың бір-біріне деген құрметі арта түседі деп ойлаймын, – дейді «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г. Төлепова.

Опубликовано в Әлеумет
Страница 3 из 3