Пятница, 06 Январь 2017 05:15

450 мың қызғалдақ егілді

Шымкентте қызғалдақ гүлін егу жұмыстары аяқталды. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары гүлдің 450 мың тұқымын жерге отырғызды. Сала мамандарының айтуынша, қызғалдақтар ерте көктемде қалалықтарға қуаныш сыйлайды.

tuilpan

Гүлдерді көптеп өсірудің пайдасы мол. Гүл – сұлулықтың, мейірім мен нәзіктіктің қайнар көзі. Өкініштісі, бүгінде қаланың келбетіне жасөспірімдер арасында жанашырлықтың төмендігі байқалады. Бұған алаңдаған мамандар, жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, гүл өсіріп, сұлулықты сүйе білуге шақырады. 

– Гүл егу, оны күту – оңай емес. Гүлдердің өсуі үшін біз қыс бойы еңбек етіп, жұмыс істейміз. Мамыр айында қызғалдақ гүлдерінің түптері жиналып, орнына жаздық гүлдер егіледі – дейді «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің көгалдандыру бөлімінің басшысы Сұлтанхан Ахметов.

Опубликовано в Қала
Среда, 21 Декабрь 2016 05:12

Еліміздегі ең жайлы шаһар

Бұл – қазақстандықтардың қалауы. Тәуелсіз сарапшылар жүргізген сауалнамада қазақстандықтардың басым бөлігі Шымқаланы жайлы шаһар деп тапқан.

IMG 20161215 150606

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің жылдық қорытынды есебін осы жағымды жаңалықпен бастады. 

– Ол рейтингті біз жасаған жоқпыз. Ешкімге тапсырыс та берген жоқпыз, өтініш те жасаған жоқпыз. Үлкен тосын сый болды. Сондықтан барлығымыз «ең ыңғайлы қалада тұрып жатырмыз» деп мақтанып қойсақ болады, – деді. 

Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне қаланың 25 жылда ауқымы кеңейіп, экономикасы өсті. Жасыл қаланың бас жоспары бекітіліп, аумағы 117 мың гектарға жетті. Іргелес жатқан үш ауданнан 40 елді мекен қаланың қарауына өтті. Сөйтіп халық саны да миллионға жуықтады. Шаһар бюджеті 1994 жылы 1 миллиард теңге болса, бүгінде 110 миллиард теңгеге жеткен. Инвестиция 200 миллиард теңгеге өскен. 75 мыңға жуық кәсіпкерлік субъект бар. Ширек ғасырда 4 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Ел экономикасының өсуі мен еңбекқор халықтың атқарған жұмысының арқасында қала еліміздегі алып мегаполистер қатарына кірді. 

Қалада 1991 жылы 72 білім ұясы бар болса, қазір 169 мың оқушысы бар 129 мектеп жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде. Ал балабақша саны 129-дан 383-ке артып отыр.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыстар қолға алынып, қала әкімі аппараты мен бөлімдерде «Ашық әкімдік» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаны іске асыру үшін «фронт офис» (бірыңғай кеңсе) құрылды. Енді тұрғындар ешқашан ешкім көтермейтін телефондарға қоңырау шалып әуреленбейді. Не мәселесі болса да, бірден «фронт-офиске» барады. 

2000 жылдардың басында қалада жұмыссыздық деңгейі 17,2 пайыз болса, халық саны екі есеге өскеніне қарамастан жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап, аталған көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді.

Суретті түсірген
М. ШАҒЫРБАЕВ

Опубликовано в Қала

Өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенді мүшелері облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «Оңтүстікті жасыл желекке айналдыру» туралы бастамасын қолдау ретінде Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешені аумағына көшет отырғызды.

DSC 5887

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған игі шараға облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, ОҚО ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев қатысып, Ұлт жоспарындағы 86-қадамда көрсетілген өңірлік мәдени-туристік кластерін құруды бүгінгі іс-шарамен тығыз байланыстырды.

Іс-шара барысында ассамблея мүшелері этносаябақтың өздері көшет отырғызған аймағын «Достық аллеясы» деп атау жөнінде ұсыныс білдірді. 

DSC 5938

Белсенді топ отырғызған елу түп ағаш келешекте қаламыздың келбетін ашып, тұрғындардың тынысын кеңейтері сөзсіз. 

Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат еткен игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Суретті түсірген Д. ҚОЖАБЕКОВ

Опубликовано в Қоғам

Қала аумағында 77 мыңнан астам күздік көшет отырғызылмақ

Еліміздегі үшінші мегаполисті жасыл қалаға айналдыру – басты назарда. Бұл орайда облыс әкімдігінде аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен күзгі маусымда Шымкент қаласында отырғызылатын ағаш көшеттері бойынша жиын өтті. Отырысқа Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен салаға қатысты жауапты жетекшілер қатысты.

Recoverd cr2 file11

Жиында шаһар басшысы қаланы көріктендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарларымен бөлісті. Ғ. Рахматоллаұлының мәлімдеуінше, қаладағы 4 аудан әкімдігіне қарасты саябақтар мен гүлзарларға, сонымен бірге, елдімекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен балабақшаларға, ауруханаларға және І санатты орталық көшелерге алдағы кезде 77 мың түптен астам жасыл желекті отырғызу жұмыстары екі кезеңмен жүргізілмек. Атап айтсақ, көлемі 22,5 га болатын саябақтар мен гүлзарларға 8 мың түптен астам қырым қарағайы мен шынар, липа отырғызылса, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарына қарасты аумақтарға 22 мың түптен астам қарағаш отырғызылады. Жұмыстарды «Шымкент – жасыл қала» мемлекеттік мекемесі жүргізетін болады.

Күздік көшеттерді отырғызу жұмыстары, сондай-ақ Шымкенттегі орталық даңғылдар мен көшелерде де қолға алынбақ. Яғни, қаладағы Темірлан тас жолы, Арғынбеков көшесі, Қонаев және Бәйдібек би даңғылы сынды 21 орталық көшеге 47 мың түпке жуық жасыл желек егіледі. Шаһардың көркіне көрік қосатын мұндағы ағаштар – туя (боз арша), легуструм, қарағаш, қырым қарағайы, каштан, терек, форзиция, үйеңкі сынды көшеттер.

Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы Шымкенттегі жасыл желектердің өңір климатына сай болуы керектігіне назар аударып, аптап ыстықта сая болатын қылқанжапырақты ағаштарды көптеп егуді тапсырды. Көшеттердің басым бөлігін Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан алуға нұсқау берген аймақ басшысы әр аптадағы сенбілік кезінде жоспардағы күздік көшеттерді отырғызып үлгеру керектігін баса айтты.

Опубликовано в Қала
Среда, 09 Ноябрь 2016 05:43

Көше көркі – басты назарда

Алдағы уақытта Шымкент қаласының орталық 26 көшесіне биіктігі 2,5 метрден асатын қылқан жапырақты және декоративті ағаштардың сұрыптары отырғызылады.

Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарына осындай тапсырма жүктеді.

– Өздеріңіз білесіздер, халқы көп Шымкент қаласында тиісінше, автокөліктердің саны да тығыз. Сондықтан экологияны сақтап, табиғи балансты реттеу үшін Шымкентті жасыл қалаға айналдырып, атына лайықты ету маңызды. Шаһардың көркіне сән беретін түрлі декоративті ағаштардың санын көбейту үшін осы тұқымбаққа жаңа көшеттерді егу керек, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкенттің көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берген аймақ басшысы бұл мәселені жеке бақылауына алатынын айтып, алдағы уақытта қалада бірнеше гүлзарлар салынатынын жеткізді.

Опубликовано в Қала
Понедельник, 07 Ноябрь 2016 03:21

Қала тазалығы – ортақ игілігіміз

Шымкенттік жеке кәсіпкер қаламыздағы Қонаев даңғылы бойындағы жол жиегіне жаңа үлгідегі қоқыс жәшігін орнатты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда тек Әл-Фараби ауданы аумағында орнатылған бұл қоқыс жәшігі пилоттық жоба ретінде жүзеге асып отыр. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, құрылғының құны 300 мың теңгеге жуық. Аталған қоқыс жәшіктерінің сыртына арнайы жарықтандырылған қоршау орнатылып, кешкі мезгілде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасалуда.

Егер жоба көпшіліктің қолдауына ие болған жағдайда бұл қоқыс контейнерлері қала ішіндегі жұртшылық жиі жүретін саябақтарда, аялдамаларда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылатын болады.

Опубликовано в Қала

Шырайлы Шымкент – еліміздегі үш ірі мегаполистің бірі. Мемлекет басшысының алға қойған нақты міндеттерін жүзеге асыру жолында қалада атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бұл орайда облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының дамуы бойынша мәжіліс өтті. Күн тәртібінде қаланың бас жоспарының орындалуы, жол инфрақұрылымы мен қала аумағына ағаш отырғызу сынды үш мәселе қаралды.

akimat 87

Жиынды жүргізген аймақ басшысы Шымкентті еліміздің үшінші мегаполисіне айналдыру үшін Елбасының осы жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асуына барынша жауапкершілікпен қарап, оның дамуына бірлесе күш салу қажеттігін айтты. Бүгінде шаһардағы қала халқының саны 904 мыңға жеткенін ескерген әкім тіркеуге алынбаған бірқатар азаматтардың бар екенін, келер жылы статистикалық мәлімет бойынша қала тұрғындарының саны 1 миллионға жетеді деп жоспарланып жатқанын айтты.

Мәжілісте Шымкент қаласының бас жоспарының іске асырылуы мен күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жайын баяндаған қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов 2025 жылға қарай қала халқының саны 1 млн 200 мыңға жетіп, көпқабатты тұрғын үйлердің қатары 52 пайызға арту керектігін айтты. Бұл мегаполис статусына енудің бірден-бір талабы. 

Қазіргі таңда қала аумағы 80-нен астам ауыл типтес елдімекеннен тұрады. Оның 70 пайыздан астамы жеке сектор болып отыр. Бұл, әуелі ол жерлерге инженерлік, көлік және басқа да қызмет көрсету нысандарын салуда бюджеттен ауқымды қаржыны қажет етеді. Екіншіден, жерлер тиімсіз пайдаланылған. Осы мәселелерді шешу үшін қаланың бас жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымы, өзекті мәселелерді оңтайлы шешу, қала аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүйелеу басты назарда екенін атап өткен қала басшысы, бұл бағытта қаланың даму тұжырымдамасы жасалынып, көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық көлік мәселесі зерделенгенін жеткізді. 

Бұл мақсатта «Green Bus» компаниясымен бірлесіп, муниципалды «Шымкент Bus» мекемесі құрылып, жыл соңына дейін 100 жаңа автобус алу жоспарлануда. Сонымен қатар, көлік тығыны жиі орын алатын 5 жерден жолайрықтар салу жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. 

Қаланың көгалдандыру жұмыстарына тоқталған Ғ. Əбдірахымов өткен жылы 100 мың түп ағаш отырғызылса, биыл 112 мың түп ағаш егу жоспарланғанын айтты. Биыл көктемде оның 32 мыңы отырғызылып, ал қараша-желтоқсан айларында 72 мың түп жасыл желек егілмек. Сондай-ақ жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Н. Көшеров ағымдағы жылдың 9 айында қалада 364 заңсыз нысанның құрылысы тоқтатылғанын жеткізді. 

Жоғарыда аталған мәселелерге қанық болған өңір басшысы қаланы көгалдандыруды әуежайдан бастау қажеттігіне тоқталып, шаһарды жасыл желекке айналдырып, Шымқала атына лайықты етуді міндеттеді. Сонымен қатар, шаһарға отырғызылатын ағаштардың сапасына және олардың сұрыпына назар аударуды атап өтті.

Жиынды қорытындылаған
Ж. Түймебаев Шымкентте баспанасыз жүрген жастарға қолжетімді болу мақсатында әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салып, қала шетіндегі жасыл белдеудің көлемін 3 мың га-ға дейін ұлғайту керектігін айтты.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 28 Октябрь 2016 06:10

«Таза қалаға» үлес қос!

Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы қазан айының 27 жұлдызынан бастап бір айлық экологиялық «Таза қала» акциясы басталғандығын хабарлаймыз.

14639710 1808538106059215 3632506304942614271 n

Акция аясында автокөліктердің қала көшелерін ластамауын (дөңгелектерінің), көліктерден зиянды түтіндердің нормадан тыс шығуын қадағалау, сондай-ақ, көліктерден қоқыстарды лақтырып кету сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.
Құрметті шымкенттіктер!
«Таза қала» экологиялық акциясына белсенді қатысып, құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда 8777 8858513 нөміріндегі әкімдіктің whatsApp сервисті қызметіне немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Қаланың тазалығы өз денсаулықтарыңыздың кепілі екендігін ұмытпаңыздар!

Шымкент қаласы әкімдігі,
Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі

Опубликовано в Қоғам

Шымкентте ирригациялық жүйелер қыс мезгілінде міндетін мінсіз атқаруы тиіс. Осы орайда, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы бөлімінің мамандары кешенді жұмыс жоспарын белгілеп отыр.

vlcsnap-2016-01-27-17h36m07s176

Жасыратыны жоқ, Шымкенттегі ирригациялық жүйелер сын көтермейді. Жауған қар мен жауынның салдарынан қала көшелері суға толып, жаяу жүргіншілермен қатар, көліктердің де қозғалысында айтарлықтай қиындықтар туындайды. Мамандар мұндай келеңсіздіктердің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде бүгінде ескіріп, жарамсыз күйге енген ирригациялық жүйелерді толығымен жаңартуды ұсынады.

Бұл бағытта арнайы жұмыс тобы да құрылған. Анықталған мекен-жайларды маңызына қарай топтастыра отырып, мәселені кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделуде. Кешенді жұмыстардың алғашқы екі кезеңі бойынша барлығы 34 мекен-жайда ирригация жүйелері жүргізіліпті. Оның жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Ал биыл үшінші кезең аясында 32 мекен-жайда жұмыстар атқарылуда. Мұндағы жұмыстардың аумағы 11,8 шақырымға созылады. Бұл үшін биыл жергілікті бюджеттен 230 миллион теңге қаржы бөлінген.

Бүгінге дейін Нұртаза Исмайлов көшесінің тұрғындары да жауған қар мен жауынның зардабын тартып келген еді. Енді міне, жоспарлы жұмыстар аясында мұнда ұзындығы 2 шақырым көше бойында ирригация жүйелері жүргізілуде. Жұмыстарды мердігер мекеме – «Жасыл даңғыл» ЖШС-і атқаруда. 

– Бұл міндетті атқару үшін мекеменің көтергіш кран, эксковатор және нығыздаушы техникалары жұмылдырылған. Жоспарлы жұмыстар желтоқсан айының 15-жұлдызына дейін тапсырылады, – дейді «Жасыл даңғыл» ЖШС-нің учаске басшысы Белтай Үсентаев.

Айта кетейік, бүгінде қала аумағында ирригация жүйелерін жаңарту жұмыстарымен 3 мекеме – «Жасыл даңғыл», «Көркем қала KZ» және «Шаһар құрылысы интернейшнл» ЖШС-лері айналысуда. 

Шынында, ирригация мәселесі тек Шымкент үшін ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында өзекті болып отыр. Бұл жағдайға айрықша көңіл бөліп отырған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары алдағы жылы, кешенді жоспардың 4-кезеңі аясында жалпы ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын 22 мекен-жайда ирригация жүйелерімен қамту жұмыстарын жүргізбек.

Опубликовано в Қала
Среда, 26 Октябрь 2016 05:52

Алда атқарылар жұмыс ауқымды

Облыстағы 185 ауылдық округтің 161-не тарихи жер-су атаулары қайтарылған. Бұдан бөлек, өңірде елдімекендер мен көше атауларының қайталануы әлі де кездеседі. Шымкентте де бұл мәселе өзекті. Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қасым Ағабековтың айтуынша, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілмек.

 

Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» атты аймақтық конференцияда осы мәселелер талқыланды.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, Әмір Мұсақұлов сынды белгілі ғалымдар қатысып, өз ойларын білдірді. Басқосуға қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, көрші Жамбыл, Қызылорда облысының осы салаға жауапты мамандары да қатысып, ой бөлісті. Жиында сөз алған ғалым М. Мырзахметов
«Жер тарихы – ел тарихы» екенін, сол себептен, жер-су аттарына салғырт қарауға болмайтынын жеткізді.
Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қасым Ағабеков Шымкент қаласы аумағының үлкейіп, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан бірқатар елдімекендер қосылғанын айта келе, ономастика мәселесінде алда атқарылар жұмыс ауқымды екенін жеткізді.

Опубликовано в Қала
Страница 6 из 10