DSC 8036

Осыдан 5 жыл бұрын ойлы-қырлы сары дала уақыт өте келе көздің жауын алатын көрікті қалашыққа айналады деп кім ойлаған? Шымкент қаласында күннен күнге жаңарып, жанданып келе жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығының сәулеті мен құрылысы кім-кімді де қызықтырмай қоймасы анық. Бүгінге дейін пайдалануға берілген нысандар сол сәулеттің алғашқы кезеңі ғана. Мұнда әлі көптеген маң-ызды, көркем ғимараттар бой көтереді. Маңыздысы да сол, Әкімшілік-іскерлік орталығында тек мәдени, әкімшілік ғимараттардан бөлек, жалпы саны 187 көпқабатты тұрғын үй орналасады деп күтілуде.

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДI

DSC 8077

Бас жоспарға тоқталсақ, болашақта Әкімшілік-іскерлік орталығында бүгінге дейін құрылысы аяқталған нысандарды қоса есептегенде 20 әкімшілік ғимараттары бой көтереді. 14 халыққа қызмет көрсету орталықтары, 187 көпқабатты тұрғын үй, 1 діни орталық, 1 оқушылар сарайы, 5 мектеп, 5 балабақша, 2 спорт мектебі, 2 би және фитнес залы, 1 спорт кешені, 3 емхана, 2 дәріхана, 31 коммерциялық нысандар орналасады. Осы мақсатта атқарылатын жұмыстардың көбі 2018 жылға дейін жоспар бойынша жүзеге асады. Бұған қоса, Әкімшілік-іскерлік орталығының архитектуралық келбетін жетілдіру, саябақтық демалыс аумақтарын дамыту іс-шаралары атқарылуда. Осы аймақтағы үлкен сайды сумен толтырып, айналасын абаттандырып, керемет саялы демалыс орнын салу нұсқасы да қаралған.

DSC 8088  DSC 8120

 

ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

DSC 8059

Аталған жобалардың құрылыс жұмыстары туралы Шымкент қаласының құрылыс бөлімінен мәлімет алдық. Тұрғын үй секторының меңгерушісі Бақыт Егізбаев:

inphorgraph– «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы Әкімшілік-іскерлік орталығында 7 тұрғын үйдің және 1 жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жатақханада 35 пәтер болады. Жас отбасыларға арналған 216 пәтерлі 1 тұрғын үй 2015 жылдан 2016 жылға өтпелі болатын, биыл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пайдалануға беріледі, – деді.
Сондай-ақ, Б.Егізбаевтың сөзіне сүйенсек, салынып жатқан коммуналдық (арендалық) тұрғын үйдің саны – 6. Биыл пайдалануға 90 пәтерден тұратын 2 үй берілсе, қалған 4-інің құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі. Қосымша 9 қабатты 4 коммуналдық тұрғын үйдің мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Олардың әрқайсысы 144 пәтерлі болмақ. Бұдан бөлек, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жоспары негізінде 11 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмыстарымен қатар, инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету барысында да талай шаруа қолға алынған. Абаттандыру, сумен, газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жарықтандыру бойынша «Нұрсәт» шағынауданынан «Бозарық» шағынауданына дейінгі аралықта жоғары кернеулі электр желісін орнату ісі қарқынды жүргізілуде. 110 кВт-тық қосалқы станциясының құрылысы да келесі жылға өтпелі.
– Бүгінгі таңда 13 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасының 4-іне мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған 9-ы осы сараптамаға тапсырылды. Сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге ұсыныс беріледі. Бұдан басқа тағы 9 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, – дейді жобалау секторының меңгерушісі Сенбек Көлбаев.
Құрылыс бөлімінің мамандарының айтуынша, Әкімшілік-іскерлік орталығында екі мектеп құрылысы және әлі атауы берілмеген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-ші көшелерінде жол құрылысының жұмыстары басталған.


20160822 175448Бауыржан Кенжеғұлов,
Шымкент қалалық сәулет және қала
құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Әкімшілік-іскерлік орталығында бүгінге дейін бой көтерген ғимараттар заман талабына толығымен жауап береді. Бас жоспар бойынша мұнда 11 құрылыс нысаны инвесторлар есебінен жүзеге асады. Оның үшеуі қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына кіріскен. Біріншісі, 5000 орындық мешіт. Бұл – Шымкент қаласы әкімдігінің қала құрылысы кеңесінде жүзеге асатын аса ірі құрылыс нысаны. Екіншісі, сауда-саттық нысандары бар көпқабатты тұрғын үй кешені. Үшіншісі, Медициналық орталық және конференция залының нобайы. Аталған үш нысанның нобайы қаралып, кеңес мүшелерімен мақұлданды.

 

Опубликовано в Қала

Қала әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтындағы онлайн режим арқылы Шымкент қаласы аумағында жаңадан салынып жатқан не болмаса жөндеу жұмыстары жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, сонымен қатар, көшелерде, қоғамдық орындарда орын алған түрлі жағдайлар бойынша толық мәлімет алуға болады.

Surveillance1Ол үшін сайттың бастапқы бетіндегі «Бейнебақылау» тармағын басу керек. ІТ-технология тәуліктің кез-келген мезгілінде құрылыс нысанындағы жүріп жатқан жұмыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы портал әкімшілігінің жасаған сараптамасы бойынша аталмыш жүйе қоғамдық бақылаудың әлеуетін одан әрі арттырмақ. Айта кетерлігі, мұндай қоғамдық бақылау жүйесі елдегі ресми сайттардың ішінде тұңғыш рет қолданылып отыр.

Опубликовано в Қала
Среда, 15 Июнь 2016 05:06

Құрылыс сапасы бақылауда

Қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы балабақшалар мен мектептердегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Әуелі жұмыс сапарында қала әкімі №53 және №54 мектеп ғимараттарының жөндеу жұмыстарына куә болып, Оспанов көшесі бойындағы балабақшаның толық қалпына келтіру жұмысын тексерді. Атқарылған жұмыстың сапасын екшелеп, мердігер мекемелердің өкілдерімен пікірлесті.

Әлеуметтік нысандарды аралау барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Өтегенов көшесін ұзарту жобасының құрылыс барысымен танысып, «Асар» шағынауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің қызметтерін көріп шықты. Осыған орай қаланың солтүстігінде орналасқан шағынауданда жүргізіліп жатқан инженерлік жұмыстарды жеделдетіп аяқтауды тапсырып, жергілікті тұрғындардың тауар тасымалдау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағынан еш қиындық көрмеуі керектігін атап өтті.

Опубликовано в Қала
Пятница, 10 Июнь 2016 04:45

Қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осы құрылыс нысандарын бақылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы тарапынан комиссия құрылып, қаладағы бірнеше нысандарды аралауда. Бұл жолы комиссия құрамы «Сәуле» шағынауданында жаңадан салынып жатқан №76 мектепке барды.

20160608 110711

Мектеп құрылысының ертерек аяқталып, пайдалануға берілуін жергілікті халық күтіп отыр. Өйткені, бұл шағынаудандағы ескі мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды. Мердігер мекеме «АРТ-Құрылыс» ЖШС-і мектеп іргетасының орнын қазу жұмыстары өткен жылдың қараша айында бастаған. Бүгінгі таңда іргетасы қаланып, қабырғалары тұрғызылып жатыр. «АРТ-Құрылыс» мекемесінің директоры Бекжігіт Төлендиевтің айтуынша, қазір қыш қалау жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Алдағы уақытта ай сайын мектептің әр қабаты бой көтермек.

– Мектеп үш қабатты, бес корпустан тұрады. 1200 оқушы білім алмақ. Онда акт залы, асханасы және жабдықталған сынып бөлмелері болады. Құрылыс нысанының құны – 1 миллиард 444 миллион теңге. Құрылыс басында 100 адам жұмыс істеп жатыр. Техникамыз да жеткілікті. Мектеп құрылысы келесі жылы аяқталады, – дейді Б.Төлендиев.

20160608 110801

Қазір құрылыс үшін биыл 844 миллион теңге бөлініп, оның 284 миллион теңгесі игеріліпті. Қалалық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ғани Ахметбаев партиялық бақылау комиссиясы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарда бірқатар кемшіліктерді анықтағанын айтты.

– Комиссияның мақсаты – Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен салынып жатқан құрылыс қарқынын бақылау. Біз тексерген нысандарда біраз кемшіліктер анықталды. Мәселен, «Сайрам» шағынауданындағы және Тассай елді мекеніндегі қос мектептердің бірінде ауыз сумен қамту нашар болса, екіншісінде жылу жүйесін көмірмен жылытпақ екен. «Сәуледегі» №76 мектепте әзірге кемшіліктер жоқ. Барлық жұмыстар өз ретімен жүзеге асуда. Ең бастысы жұмыс кестесіне сай еңбек етуде, – дейді комиссия төрағасы Ғ.Ахметбаев.

Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, қазіргі таңда 21 құрылыс нысаны жоспарланған. Бүгінде 11 нысанның құрылыс жұмыстары жүруде. Оның ішінде мектеп құрылыстарынан бөлек, Тассай елді мекеніндегі индустриялық инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары кестеге сай атқыралуда. Қазір онда 11 трансформатор қойылып, 2,7 шақырым жолдың 2,7 шақырымына асфальт төселген. Су кәріздерінің 90 пайызы, газ құбырларының 90 пайызы және электр желілерін тарту

жұмыстарының 80 пайызы орындалған. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй алабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Сонымен қатар, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9 қабатты жатақхана ғимаратының орны нығыздалып, іргетасы құйылуда. Ал «Асар» шағынауданында салынып жатқан 5 қабатты 36 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазір онда жұмысшылар нысанның іші-сыртын сылауда.

Опубликовано в Саясат
Страница 2 из 2