Алланың сауапты іске жақсылығы мол
Среда, 14 Апрель 2021 04:05Қасиетті Рамазан айының бірінші күні Шымкент қаласының 6 мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен мың отбасыға бір реттік ауызашар себеті таратылды. Аталмыш іс-шара ресми түрде қалалық орталық мешіт – Ақмешітте ұйымдастырылды. Ауызашарға қажетті азық-түлік жиынтығында макарон, күріш, пісте май секілді бір отбасын апталық азықпен қамтамасыз етуге керек тағам түрлері бар. Игі бастаманы қалалық әкімдік және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп қолға алған.
Африкалық жайын, мархабат!
Среда, 14 Апрель 2021 03:54Ауыл шаруашылығымен бірге балық шаруашылығы да Шымкент қаласында қарқынды дами бастады. Балық өсіруді қолға алған кәсіпкердің бірі «Алина» шаруа қожалығының басшысы Дильшат Рахымжанов. Ол бұл кәсіппен біраз жылдан бері айналысып келеді.
Шымкентте «Егемен Қазақстан» көшесі бар
Среда, 14 Апрель 2021 03:44Бозарық шағынауданында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің атына көше берілді. Салтанатты іс-шараға журналист-жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, республикалық «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Әлеуметтік мәселе – қоғамдық келісім назарында
Среда, 07 Апрель 2021 03:32Жуырда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.
«Елбасы медалі» – үздік атануға мүмкіндік
Пятница, 02 Апрель 2021 04:02Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Көрме орталығында» жастар арасындағы «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлерін марапаттады.
«ДАМУ» демеген жобалар
Среда, 31 Март 2021 03:44Коронавирус инфекциясы қоғамның қалыпты өмірін күрт өзгертіп жібергені рас. Көптеген кәсіпкерлік нысандары соның ішінде қызмет көрсету саласы табысынан қағылды. Осындай қиындықтарға қарамастан елімізде бизнес өкілдеріне әртүрлі көмектер көрсетілуде. Іскер азаматтарға берілген жәрдемдердің бірі жайлы Шымкент қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бөлім басшысы Сабыржан ИСАҚОВ айтып өтті.
12 отбасыға қайырымды іс жасады
Пятница, 26 Март 2021 03:54Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері ерлі-зайыпты Сергей мен Гүзель Мустафиндер қалалық Қазақстан халқы ассамблеясымен, «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп «Отыз игі іс» қайырымдылық марафонының «Жанға жылу» іс-шарасы және Наурыз мерекесі аясында көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 12 отбасыға материалдық көмек көрсетті.
Әділ Сасбұқаевқа еңселі ескерткіш ашылды
Пятница, 19 Март 2021 04:02Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ері Әділ Сасбұқаевқа арналған ескерткіш ашылды. Салтанатты жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Әділ Сасбұқаевпен үзеңгілес болған замандастары, қоғам қайраткерінің туыстары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.