fa2ff2ec-cea8-4eeb-8a09-c5cc485c812b

Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментнің басшысы Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтың төрағалық етуімен 220 салық төлеушілер, Департаментің жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «қосылған құн салығын (әрі қарай-ҚҚС) төлеушілермен ҚҚС бақылау шотын пайдаланған жағдайда ҚҚС қайтару ерекшеліктері, электронды шот-фактураларды және онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.                        

Басқосуды кіріспе сөзбен Департамент басшысы Н.Көшеров ашып, Қазақстан Республикасының алға қойған мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену екендігін және бұл мақсатқа жету жаңа инновациялық даму мен жеделдетілген технологиялық жаңғыруды талап ететіндігін атап өтті. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген.  Бұл бағдарламаның басты міндеті – жүйелі түрде экономиканы цифрлық дамыту.

Департамент басшысы елімізде бизнесті жүйелі енгізу, кәсіпкерлер саласының қызметіне жөнсіз килігуді болдырмау, сондай-ақ, салықтық есептілікті оңтайландыру және оңайлату үшін барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті. Өз кезегінде, бизнес саласында көлеңкелі экономиканың үлесі төмендетіліп, нөлдік көрсеткішке жетуі қажет. Осы орайда, қолға алынып отырған іс-шараның бірі – барлық дамыған елдер үлгісінде онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану және шот-фактураларды электронды нысанда жазып беру.  Бұл әдістерді пайдалану мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкерлерді тексерулерге ұшыратпай, қашықтықтан кірістерін айқындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, шаһарымызда онлайн бақылау-касса машинасын қолдануға 2454 салық төлеушілер өтті, ағымдағы жылы 633 қызмет түрі бойынша 7257 салық төлеушілер өткізілетін болады. Шымкент қаласында онлайн БКМ саудалаумен айналысатын 6 мекеме бар, онлайн бақылау-касса машинасының құны шамамен 70 мыңнан 150 мың теңге шамасында. Ал, қаржылай қиындықтар туындаған жағдайда, онлайн БКМ «Альфа-Банк» АҚ арқылы несиеге алуға болады.

Сонымен қатар, 4893 салық төлеушілерден ҚҚС ЭШФ ақпараттық жүйесін қолдануға 4613 немесе 94,3% салық төлеушілер өткен. Алдағы уақытта ҚҚС төлеушілер шот-фактураларды қағаз түрінде жазып берген жағдайларда салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ҚҚС төлеушілерге үшінші жаңалық – ҚҚС 15 күнде қайтаруға мүмкіндік беретін ҚҚС бақылау  шотын ашу.

Бұл жаңашылдық бойынша пилоттық жоба Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Жамбыл облыстарында сәтті жүзеге асырылды.

Департамент басшысы бүгінгі семинар-кеңеске ҚҚС бақылау шотын ашуға болатын 8 банктің өкілдері қатысып отырғандығын баяндады.

Әрі қарай, салық төлеушілермен алдын-ала келісілген семинар-кеңестің регламентіне сәйкес, «Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілермен ҚҚС бақылау шотын пайдаланған жағдайда ҚҚС қайтару ерекшеліктері, электронды шот-фактураларды қолдану» тақырыбында Департаменттің бас маманы А. Мырзабеков және «Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану» тақырыбында Департаменттің басқарма басшысы Р. Алеева баяндама жасады.

Жиын соңында салық төлеушілермен қойылған барлық сұрақтарға Департамент мамандары тұжырымды жауаптар берді.

«Нұр Отан» партиясының байқауы

Понедельник, 11 Февраль 2019 09:11

1. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы қызметіне ақпараттық қолдау көрсету бойынша ең үздік бұқаралық ақпарат құралдары байқауы:

• журналистер қауымын «Нұр Отан» партиясының қызметін жариялауға тартып, партия мен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;
• халықты партия қызметі туралы және партияның бағдарламалық құжаттарының іске асырылуы жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру;
• журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және бұқаралық ақпарат құралдарында партия қызметін ең үздік жариялағаны үшін оларды көтермелеу мақсатында өткізіледі.

2. Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналистері, блогерлер, әлеуметтік желі белсенділері шақырылады.
3. Байқауға партияның қалалық және оның филиалдарының, мәслихаттағы фракция мен бастауыш партия ұйымдарының қызметі туралы, партияның өз бағдарламалық құжаттарын іске асыруы туралы, партиялық бастамалардың қоғамдық маңыздылығы мен партияның жастар саясаты жөніндегі материалдар қабылданады.

4. Байқауға 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде жарияланған материалдар қабылданады.
5. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясының құрамы партия филиалының Саяси кеңесі мүшелерінен, мәслихат депутаттарынан, журналистер одағының өкілдерінен және басқалардан құралады.

6. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні 2019 жылғы 15 маусым (қабылданатын күн).
7. Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

- баспа БАҚ-тағы ең үздік жарияланым: 1,2,3 орын
- Телеарнадағы ең үздік репортаж: 1,2,3 орын
- Интернет-сайтта ең үздік материал: 1,2,3 орын;
- Әлеуметтік желідегі ең үздік материал: 1,2,3 орын;
- Ең үздік фоторепортаж: кәсіби, әуесқой.

8. Әр номинация бойынша ақшалай және ынталандыру сыйлықтары, алғыс хаттар беріледі.
9. Сыйлықтар мен алғыс хаттар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында тапсырылады.

10. Салтанатты шараға тек байқау қатысушылары және сол БАҚ басшылығы шақырылады.
Ұйымдастырушы: «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы: Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3, байланыс телефоны
8-747-853-16-00.

Қазақстанда жаяу жүру және скандинавияша жаяу жүру федерациясы құрылуда. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков жетекшілік етеді. Федерацияның арнайы сайты құрылып, қазір Қазақстанның барлық аймақтарында филиалдарын ашу жұмыстары қолға алынған. Осыған орай федерация президенті Қазақстан азаматтарына арнап үндеу жариялап отыр.

Ahmetbekof

Қадірлі достар!

Біздер, бір топ белсенді азаматтар, Отанымыздың патриоттары, халқымыздың денсаулығын жақсартуға өз үлесімізді қосу үшін Қазақстанның жаяу жүру және скандинавияша жаяу жүру федерацияны құрып отырмыз.
Осыған орай салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы Біз «Күн сайын 10 000 қадам жүрейік» деп аталатын жалпы ұлттық бағдарламамызды ұсынып отырмыз.

ходьба-3

Біздің бүкіл бағдарламамыз бір ғана сөйлемнен тұрса да, оның көтерер жүгі мен мән-мағынасы ұшан-теңіз. Яғни, федерацияның әр мүшесі күн сайын 10 000 қадам жүріп өтуге міндеттенеді. Федерация әрбір адамның осы мақсатты орындауына көмектеседі, яғни, федерация мүшелерін оқытамыз, үйретеміз, көмектесеміз, тиісті шаралар ұйымдастырамыз және қажет болса, арнайы дайындаймыз. Біз алдымызға осындай өте қарапайым да қолжетімді, бірақ халық үшін пайдасы аса зор мақсат қойып отырмыз.

Шын мәнінде жаяу жүру адамның денсаулығын жақсартып, өмір жасын ұзартады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сүйенетін болсақ, соңғы кезде қатерлі ісі, жүрек-қан тамырлары аурулары, простатит, қант диабеті, пневмония, бүйрек және бауыр ауруларына шалдыққандар саны бүкіл әлем бойынша өсіп келеді, біздің еліміз де одан шет қалған жоқ.

Қаншама бауырларымыздың өмірін жалмап жатқан осы ауруларды болдырмай, оның алдын алудың ең тиімді жалғыз жолы жаяу жүру екені қазіргі медицинада дәлелденген. Сондықтан осы қауіпті дерттерден халқымызды құтқарудың тиімді жолы – күн сайын 10 000 қадам жаяу жүру. Яғни, әркімнің белсенді қимыл қозғалысы, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануы, денеге пайдалы жүктеме беру, яғни жаяу жүру бұл зауалды тоқтата алады.

Біз кеңесімізді 1000 адамға тыңдата алсақ, яғни біз 1000 адамды осы зауалдардан құтқардық деп есептейміз. Егер біздің қатарымызға 1 000 000 адам кіретін болса, қоғамдағы миллион жанның дені сау болып, бақытты болуына өз үлесімізді қосқанымыз. Біздің Федерациямыз ауруханалар салмайды, адам емдеумен де айналыспайды, бірақ шын мәнінде мыңдаған адамның өмірін құтқаруға атсалысады.

Біздің елімізде жаяу жүру және скандинавияша жаяу жүру спорт түрінде жеткілікті дамымаған, яғни республикалық спорттық тізбеде спорт түрі ретінде тіркелмеген. Сондықтан, біздің алдымызда осы спорт түрлерін заңды түрде тіркетіп, ресми мойындалуы үшін жүргізілетін үлкен жұмыстар күтіп тұр. Скандинавияша жаяу жүру спорты түрі бойынша Финяндиядағы халықаралық скандинавияша жаяу жүру федерациясының стандарттары мен нормативтерін қабылдаймыз. Ал жаяу жүру спорты бойынша өзіміздің нормативтеріміз бен стандарттарымызды әзірлейміз және соған сәйкес өзіміздің тәртіптеріміз бен ережелерімізді жасап шығарамыз.

Федерациямыз респубикалық және халықаралық деңгейдегі тиісті аккредиттеу және мойындалу рәсімдерінен өткеннен кейін еліміздегі басқа да белгілі спорттық федерациялар секілді заңдық негізде өз спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызға тиісті спорттық разрядтар мен атақтар береміз. Мамандар дайындап, тиісінше өзіміздің жаттықтырушыларымыз бен спортшылар құрамын жасақтаймыз.

Әрқайсыңызды және баршаңызды біздің федерацияға мүше болып кіруге шақырамыз. Жаныңа жақын жандардың дені сау болсын десеңіз, туыс-бауырларыңызды, достарыңыз бен жолдастарыңызды біздің федерацияға шақырыңыз! «Дені саудың жаны сау» дегендей, бақытты да салауатты өмір жолына түсуге кеңес бер.

Жамбыл Ахметбеков,
Қазақстанның жаяу жүру
жәнескандинавияша
жаяу жүру федерациясының
президенті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы қоғамда, әсіресе, өнер саласының майталмандары арасында кең көлемде талқыланып, рухани мұрамызды және мәдениетті жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыруға бағыттады.

55

Елбасы мақаласының, әсіресе, «Тарихи сананы жаңғырту» атты екінші бөлімінде көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінгі және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп атап өтті.

«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экзпозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үрдісін көрсетеді.

IMG 8617

Елбасымыздың бағдарламасы аясында және көркем еңбекті зерттеуші ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып, халық арасындағы дәстүрлі қолөнерін, яғни кілем тоқу өнерін жаңғыртып, жаңаша әдіс технологиялармен шығармашылық жұмыстар істеп, көрмелерге қатысып жүрген суретші-гоболенші Құттыбек Жақыптың шығармашылығын халық арасында көрсетсек, келешек жастарға көркем білім беруде құнды дүние болары даусыз.

Халық арасында «Текеметтi төрге шығарған Құттыбек» деп айтылып жүруінің өзі өнер адамының бәріне бұйыра бермейтін бақыт. Сол бақыттың құсын басына қондырып, өнер өлкесінде үздік үлгісімен дараланған азаматтардың бірі – шымкенттік белгілі суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Құттыбек
Жақыпов. Ол – кәсіпқой қолданбалы қолөнер шебері, кілемді өрнектеп, киізге ою басқан, қазақи дәстүрлі өнерге жаңаша леп әкелген азамат.

– Дәстүрді, тарихты ешқашан аяқ асты етпеу керек. Қолөнер дегеніміз – бұл ата-бабадан мұра болып келе жатқан шоқтығы биік өнер. Бұл туындылардан қазақ халқының жүріп өткен жолын аңғаруға болады, - дейді шебердің өзі.

Осы айтылған төл өнерімізді жаңғырту мақсатында Шымкент қаласындағы облыстық бейнелеу мұражайында Құттыбек Жақыповтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жаңғырық» атты шығармашылық көрмесі халыққа ұсынылды. Өнерсүйер қауымға ерекше сюжетті текемет, тоқыма, гобелендік шығармаларын таныстырған шебердің көрмесіне көрермен көп жиналды. Суретшінің, әсіресе, «Жекпе-жек», «Сүйінші», «Құйын», «Шағылыс», «Тұңғиық» атты гобелендері келушілердің көңіліне ой салып, сүйсінісін тудырды.

Айта кетейік, Жақып Кұттыбектың еңбектері Мәскеу қаласындағы Шығыс мемлекеттік музейінде, Түркіменстан бейнелеу өнері музейінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде, Түркия мемлекеттік өнер және мүсін музейінде, Қазақстан Республикасы Ұлтық музейінде сақтаулы. Сонымен қатар Тәуелсіздік сарайы және Мәдениет және спорт министрлігінің көркемсурет көрмелер дирекциясында, Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде, ТМД және шетел галереяларынан орын алған.

2018 жылы 10 тамызда Бішкектегі Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық сурет өнері музейінде қазақтың майталман суретшісі, гобелен-түкті тоқыма өнерінің хас шебері Құттыбек Жақыптың «Ұлы Дала әуені» атты көрмесі ашылды. Көрме заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жыл¬дық мерейтойына және III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында ұйымдастырылды. Көрмені қырғыз жұртшылығы, өнерсүйер қауымы жылы қабыл алды. Суретшінің қолдан тоқылған гобелендерінің көркемдігіне сүйсінген көрермен көп болды.

Көршілерді Құттыбек Жақып туындыларының өзіндік өрнегі, пәлсапасы қызықтырды. Құттыбектің құтты қолынан шыққан суреттердегі ою-өрнектер мен айшықтардан бауырлас қазақ пен қырғыздың қолөнерінің бастауы бір екені айқын аңғарылды. Көрмеге суретшінің «Ұлы Дала», «Балдәурен», «Қансонар», «Ақ түйе», «Тұйғын», «Ұршық», «Ағаш өмірі», «Театр» және басқа елуден аса түкті тоқыма полотносы қойылған.

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Амандос Ақанаев «Құттыбек ұлттық құндылықтарға жастайынан сусындап өскен. Ол шежірелерді, аңыздар мен ертегілерді, өсиет әңгімелерді терең білетінімен ерекшеленеді. Сондықтан болар, оның шығармалары нағыз құндылықтарға, Отанына, халқына және оның мәдениетіне деген шынайы махаббатпен астасып жатыр», – дейді.

Дамыған 30 елдің қатарындағы елдермен бірге іргелі ел болуға, ұлт болуға, мемлекеттік тілді, халқымыздың тарихы, мәдениетін, өнерін жаңғырта білетін, қазақтың жанын ұға алатын, елінің саясатынан хабардар, өз саласының бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау – Елбасымыздың алдымызға қойған басты міндеті.

М.Тәңірбергенов,
ОҚМПУ кәсіптік-шығармашылық
факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор

Еліміздің медицина саласы ауыр қазаға душар болды. Денсаулық сақтау саласының саңлағы, білікті дәрігер, әйгілі хирург-трансплантолог, Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Мәди Бигалиев 63 жасында өмірден озды.

Ол Алматы медицина институтын бітірген білімді. тәжірибелі маман еді. Еңбек жолын Шымкент қаласында, облыстық клиникалық ауруханада дәрігер-хирург болып бастап, осы аурухананың №1 хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Мәди Хожаұлы 1992 жылдан 2000 жылдың тамызына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау департаментінің бас хирургі міндетін да қоса алып жүрді.

Оның бүкіл өмір жолы өңіріміздің денсаулық саласын дамытуға арналды. М. Бигалиев 2000 жылы Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне, 2002 жылы Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігері қызметіне тағайындалды.

2002 жылдың 20 қарашасынан 2006 жылдың 19 қазаны аралығында Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері, ал 2008 жылдың 26 ақпанынан бастап Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.

Ғұмырының 40 жылын медицина саласына арнаған «Алтын скальпель» иегері, жоғарғы санатты дәрігер, Шымкент қаласының ДСБ-ның бас штаттан тыс хирург, трансплантолог маманы, медицина ғылымының докторы, профессор Мәди Бигалиевтің өңір медицинасын дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметінде М.Х. Бигалиев аталған аурухананың материалдық-техникалық базасын заманауи жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтармен толықтыруға теңдессіз үлес қосты. Ауруханаға биохимиялық анализаторлар, рентген аппараттары, дәрігерлерге науқастың ішкі құрылысындағы кінәраттарды 5-7 минутта анықтауға көмектесетін эндоскопиялық техника, Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында ғана болған 5 дана УДЗ аппараттары сатып алынды. Аурухананың тағы бір мақтанышы – WOLF фирмасының гольмиялық лазер аппараты, ондай аппарат Қазақстанда біреу ғана. Көршілес Ресейде мұндай аппаратпен тек Мәскеуде ғана емдейді.

2011 жылы ауруханаға заманауи үлгідегі «Brilliance CT64 slice» компьютерлік томографы сатып алынды. Бұрындары ондай аппараттар тек Астана, Алматы және Шымкенттің диагностикалық-консультативтік орталықтарында ғана болатын.
№1 клиникалық аурухананың бас дәрігері болып ұзақ жыл абыроймен қызмет атқарған Мәди Бигалиев Қазақстанда 2010 жылы алғаш рет шымкенттік кардиохирургтермен бірлесе отырып, науқастың жүрегіне, байырына және өтіне бір мезетте ота жасауды жүзеге асырды. Осы кезге дейін ондай ота Қазақстанда жасалмаған.

2013 жылы бірінші болып Оңтүстік Қазақстанда Корей Университетінің профессорларының қатысуымен бүйрек трансплантациясы операциясын жасап, заманауи медицинаның тәсілдерін облысқа енгізуге үлес қосты. 2013 жылдың наурыз айынан бастап бас дәрігер Бигалиев Мәди Хожаұлының тікелей басшылығымен Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының базасында 130 бүйрек және 18 бауыр трансплантациясы оталары жасалды. Сонымен қатар, медициналық туризмді дамыту мақсатында 2018 жылы тұңғыш рет Германия мемлекетінің азаматына Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының трансплантолог дәрігерлері донорлық бүйрек алмастыру операциясын жасады. Аурухана базасында 17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру оталары сәтті өткізілді.

Ол Қазақстан эндоскопиялық хирургтері Ассоцияциясы президиумының мүшесі, ТМД елдері хирургтерінің Н.А. Пирогов атындағы Ассоциация мүшесі, көптеген ғылыми еңбектердің, 12 инновациялық патенттің авторы.

М.Бигалиев Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі еді.
Шипа қолды, үлкен жүректі азамат, халқының қадірлісі, денсаулық саласының майталманы болған ардақты жанның мезгілсіз қазасы бүкіл қауымға ауыр тиіп отыр. Марқұмның отбасы мен туған туыстарына қазаның арты қайырлы болсын деп қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі,
Ғани ТАШҚАРАЕВ,
Шымкент қаласы 
мәслихатының 
хатшысы.

Шымкентте іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының президиум мүшесі Майра Айсина балалар үйінің тәрбиеленушілеріне депозит ашып, алғашқы салым ретінде үш балаға қаржылай сыйлық үлестірді.

DSC00500

Халық қалаулысы Сайрам тұрғын алабындағы №4 балалар үйіне ат басын бұрып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайымен танысты.
Депутат тәрбиеленушілермен ашық сұхбат құрып, өз құқықтары мен міндеттері жайлы сұрады. Жастардың болашағын жоспарлау жолында өз атына ашылған банк есеп-шотын қадағалап отыруын ескертті. Осы ретте оқуда озат үш тәрбиеленушіге банктен депозит ашып, алғашқы салым ретінде қаржылай қайырымдылық жасады. Бұл қаражат балалардың есеп-шотында мемлекеттік және банк тағайындаған сыйақымен өсіп отырмақ.

– Тек ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар емес, әр баланың болашағын құруға қаржылай қор болу керек. Бұл олардың жоғары оқу орнында тегін білім алуына немесе басқа да қажеттіліктеріне жиналатын қаржы көзі. Баршаңызды осындай игі іс жасауға шақырамын, - деді М.Арапқызы.
Ал балалар қонақтарға өнерлерін көрсетті. №4 балалар үйінің ұжымы халық қалаулысына алғыс айтып, құрметпен шығарып салды.

2

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала оқушылары арасында алғаш рет дебат өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұйымдастырылған пікір сайысында А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары үздік өнер көрсетті.
Қалалық бірінші дебат турнирі оқушылардың сыни ойлау дағыдысын дамыту арқылы қоғамда орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенділігін арттыруға бағытталған.
Дебатта қалалық білім басқармасына қарасты 7 мектеп қонақ ретінде шақырту алған. Пікірсайыс екі кезеңде өтті. Финалдық кезеңде химия-биология бғытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары «Елдің табысты болуы табиғи байлыққа емес, білімдегі бәсекеге байланысты» тақырыбында сөз жарыстырды.
Сайыста әділқазылардың шешімімен А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары жеңіске жетіп, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, қатысушы командаларға да сыйлықтар табысталды. Пікірсайыс келесі айда жалғасады. Оған қатысуға қалалық білім басқармасына қарасты мектептер қатысуға өтініш білдіре алады.

«Қылмыссыз жарқын болашақ». Осындай тақырыпта үшінші мегаполистегі білім беру мекемелерінде онкүндік алдын алу іс-шарасы өтті. Қалалық білім басқармасының мамандары 10 күн барысында 10 түрлі тақырыппен жұмыстар жүргізген.

Тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды жою, оқушы тәрбиесі, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру, оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту үшін жүргізілетін іс-шаралар әр мектепте өткізілетіні анық. Осы орайда білім саласының мамандары ұйымдастырған онкүндік жасөспірімдердің қылмыс деңгейін төмендету, ерте жүктіліктің және аутодестркутивті мінез-құлықтың, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған.

Онкүндікке арқау болған тақырыптардың соңғы күні «Бос уақытты тиімді пайдалану» еді. Бұл күні №80 мектеп-лицейде «Қылмысқа жол жоқ!» деп ұрандаған бір топ оқушы флешмоб билесе, қалалық 7 мектеп оқушылары арасында «Robosport» сайысы өтті. Сондай-ақ, «Әлемнің әсемдігі – балалар көзімен» тақырыбында жас қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі жасақталып, 5-10 сынып оқушыларының сәндік қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Интеллектуалды марафон, шахмат сайысы, оқырмандар бәйгесі оқушылардың уақытын ұтымды пайдалануға сеп болды. Сала мамандары білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, онкүндікті қорытындылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара жыл бойы білім ошақтарында жалғасады.

Страница 3 из 283