Шымкентте «Tazalike» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары экологиялық акцияға белсене үлес қосты.
Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев алғашқы жер асты дүмпулеріндегі негізгі іс-қимылдардың ережелері тақырыбында баспасөз брифингін өткізді. Нұржан Нұрханұлы жер сілкінісі кезінде тұрғындардың әрекет ету тәртібін баяндап, өткен жылы атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Жыл сайын тұтынушылар құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдар саны өсуде. Айталық, өткен жылы тұтынушылардың 4109 өтініші қаралып, нәтижесінде 181 779 555 теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды. Ал 2022 жылы департаментте 2150 өтініш қаралып, тұтынушыларға 79 518 372 теңгеден аса қаражат қайтарылған екен. Бұл өз құқығын қорғайтын…
Шымкентте кейінгі жылдары саясы мол ағаштарды отырғызуға басымдық беріліп жүр. Өткен жылы қаланың орталық көшелеріне 51 348 түп көшет егілді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев былтыр қараша айында қала тұрғындарымен кездесуде қалаға жапырақты ағаштар көптеп керек екенін айтқан еді. Өйткені, оның көптеген…
Қалалық перинаталдық орталықта неонаталды хирургия қызметі қосылды. Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан сәбилерге перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.
Қалада жасыл желек аумағын ұлғайту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып отыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков елді мекендерді аралау барысында Абай, Еңбекші аудандарының тұрғындарымен кездесіп, жаңа гүлзарлардың жобасымен танысты.
Қазір адамдар үшін интернетсіз дүние қараң. Бүгінгі өркениет екінің бірінің қолына мобильді интернет пен оптикалық интернетті қолжетімді етті. Дегенмен, интернеттің сапасы, операторлардың қызмет көрсетуі, жылдамдығы көңіліңізден шыға ма? Ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық Wi-fi, мектептердегі интернет пен қауіпсіздік жүйесі, ІТ саласы мегаполисте қалай дамуда?
Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар мәселе талқыланды. Жиында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек ауданның биылғы даму жоспары бойынша баяндама жасады.
Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін, экономика саласында көптеген өзгерістер болды. Соңғы жылдары инвестиция тарту бойынша қала республикада көш басында келеді. Шаһарға өткен жылы 724,3 млрд теңгеге инвестиция тартылып, 2022 жылмен салыстырғанда 126 пайызға артты. Бұл сүйсінерлік жайт. Осы мәселе жөнінде Шымкенттің бүгінгі…
Жыл басынан бері Шымкент зоосаябағы бірқатар аң-құстармен толықты. Күні кеше хайуанаттар бағына алғаш рет альпака жеткізілді. Оңтүстік өңірге алғаш рет жеткізілген жануар тұрғындарды қызықтырып, бүгінде зообаққа келушілердің қатары көбейген.